Алматы қаласы колледждерінде WorldSkills Almaty – 2023 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионаттың мақсаты – «Сапалы білім беру «Білімді ұрпақ» ұлттық жобасын іске асыру аясында «Woldskiils Kazakhstan» Ұлттық қозғалысын қолдау, жұмысшы мамандығының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі оқушылары 10 құзыреттілік бойынша бақ сынады. Чемпионат нәтижесінде «Мобильді қосымша әзірлеу» құзыреті бойынша 2 ВТ-9А тобының оқушысы Тұрғантай Асет және «Веб-технология» құзыреті бойынша 2 ВТ-9А тобының оқушысы Полатов С.А. жүлделі 2 орынды, «Шаштараз өнері» құзіреті бойынша Толмачева К. Жүлделі 3 орынды, DeafSkills аясында «Тігінші» құзыреті бойынша Желеуова Б. С. Жүлделі 1 орынды қанжығаларына байлады. Жеңімпаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз.
Бүгін 11.09.2023ж. Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде сейсмо жаттығу өттi.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыру тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Алматыда «Жер-2023» жаттығулары мақсаты – мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау күштерін даярлау Алматы қаласындағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою жөніндегі іс-шара негізінде өткізілді. Сегодня 11 сентября 2023 года. В Алматинском государственном колледже сервиса и технологий прошли сейсмические учения.
Согласно организационному заданию МЧС, 11 сентября текущего года в Алматы прошли учения «Земля-2023» на базе мероприятия по ликвидации последствий разрушительного землетрясения в городе Алматы.
2023 жылдың 17 наурызында Алматы мемелкеттік сервис және технологиялар колледжінде «Наурыз – нұрлы ырысым» мерекесі өтті. Шара концерттік қойылымдармен және ұлттық ойындармен, атап айтсақ, қол күрес, гір көтеру жарыстарымен жалғасын тапты. Колледж әкімшілігі оқытушылар мен білім алушыларға наурыз көже дайындап, киіз үйде мерекелік дастархан жайды. Мерекеде «Қыз ұзату», «Беташар», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу» дәстүрлері көрсетілді.
Республиканский круглый стол: «Приоритеты взаимодействия швейной отрасли и образовательных учреждений в подготовке будущих специалистов в быстроразвивающемся мире»
2023 жылдың 15 ақпанында «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында 1-курс студенттері арасында Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабына талдау ұйымдастырылды.
Шараға қатысушылар соғыстан кейінгі Ербол мен Ментайдың махаббаты, тағдыры, тұрмыс-тіршілігі туралы түсіндіре отырып, романның танымдық маңызын, көркемдік құндылығын атап көрсетті. «Бұл шығарманың жастарға берер тәрбиелік мәні қандай? Сол заманда ғашықтардың келбеті қандай? Қазіргі жастардың мәдениеті жөнінде не айтамыз?» сұрақтары төңірегінде пікір алмасып, ойларын ортаға салды.