2023 жылдың 22-27 маусым күндері аралығында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің 1 курс ер балаларына «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша далалық-оқу жиыны өткізілуде.
Аталған жиынның мақсаты - алғашқы әскери дайындық бойынша дағдыларды меңгеруге және қалыптастыруға мүмкіндік беретін, зерделенген теориялық мәселелерді іс-тәжірибеден өткізу және де білім алушылардың патриотизм сезімін оятып, Отанды қорғау ісінде жауапты көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы А.Әзімханның бастауымен, далалық-оқу жиынының алғашқы күні Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігіне қарасты Алматы қаласындағы Әскери техникалық мектебінде өткізілді.
Жас сарбаздар ол жерде әскери қызметшілердің казармадағы тұрмысымен, әскери қызметшілердің оқу орындарымен, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қолданысындағы бар қаруларымен танысты.
Әскери мектеп ауласында оқу қаруларын ұстап көріп, автомат қаруының тазалануы үшін жартылай бөлшектеп және жинақтау тәсілдерін орындады.
Сонымен қатар, мектеп ішінде орналасқан әскери мұражайдағы тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени және рухани құндылықтарды тамашалап, әскери өмір туралы үлкен әсер және тәлім-тәрбие алды.
Сондай-ақ, далалық-оқу жиынның қалған уақыттарында жас сарбаздар саптық, спорттық дайындықтарын жетілдіріп және де қаруды ату тәсілдерімен жаттығуларын жалғастырады.
Бүгін, 01.06.2023 күні білім ордамызда Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір сүру салтын насихаттау мақсатында еркін күрестен республикалық турнир өтті. Турнирге Жетісу облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Есік қаласы, Алматы қаласы колледждері - Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі, Авиация колледжі, Алматы электромеханикалық колледжі, Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі қатысты. Сайыста балуандар 42 салмақ дәрежесінен бастап 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі арасында додаға түсті. Жастар бойында патриоттық сезімдерін оятқан сайыста жүзден аса балуан бақ сынап, үздіктері марапатталды.
7-18-ші мамыр күндері Алматы қаласының колледж студенттері арасында ұйымдыстырылған «Polytech Hackathon» байқауына Алматы мемлекттік сервис және технологиялар колледжінің 2ВТ-9А және 2ВТ-9Б тобының оқушылары қатысып, 2-ші орын иеленді.
26 мая Прошел конкурс Обыкновенное чудо!
Цель конкурса: Пробудить у участников конкурса желание творить,создавать не обычные образы, предоставить возможность проявить свою фантазию в создании моделей одежды из нетрадиционных материалов. Конкурс превзошел все ожидания! Образы были яркие,креативные!
Бүгін Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт өмірімізді қас қақпай күзетіп тұрған, ұлттық әскеріміз құрылған 7 мамыр - Қазақстан Отан қорғаушылар күніне, сонымен қатар, 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты іс-шара өтті.
Шара барысында әскеріміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға деген құрмет шексіз екені, дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ардагерлердің ерлігі, жеңісті жақындатқан тылдағы жұмысшылардың ерен еңбектері айтылып, құрмет көрсетілді.