WorldSkills Almaty-2025 Х Аймақтық чемпионаты “Атакент” көрме орталығында өтуде.
Чемпионатқа Алматы сервис және технологиялар колледжінің барлық мамандықтарынан білімалушылар белсене қатысуда.
Бұл сайыс – болашақ білікті мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдайтын, тәжірибе мен білімді ұштастыратын маңызды алаң!
2025 жылдың 9 сәуірінде оқу орнымызда Алматы қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының өңірлік жоспарына сәйкес, ҚР еркін күрес федерациясының ережесі бойынша «Қанатын қаққан қыран құс» атты республикалық дәстүрлі біріншілік өтті.
Бұл сайысқа еліміздің 5 аймағынан келген 200-ге жуық жас палуан 10 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Жарыстың деңгейін көтеріп, спортшыларымызға қолдау білдіру үшін елімізге танымал олимпиада чемпиондары мен тәжірибелі бапкерлер төрешілік жасап, шын мықтыны анықтады. Олардың қатарында:
-
🥇 Нәдірбеков Малик — ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Атланта-1996 және Пекин-2008 олимпиадасына ұлттық құрама апарған бапкер
-
🥇 Шәкіров Қобыланды — ҚР спорт шебері, Жоғары санатты жаттықтырушы
-
🥇 Қайсанов Данияр — әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, Токио Олимпиадасы қатысушысы
-
🥇 Даулетбеков Азамат — ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы
-
және басқа да еліміздің мақтаныштары төрешілік етті.
Командалық есеп қорытындысы: 🥇 І орын – Алматы сервис және технологиялар колледжі
🥈 ІІ орын – Жамбыл облысы колледждер құрамасы
🥉 ІІІ орын – Almaty Polytechnic College
🎓 «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледж ішінде жас оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері арасында ұйымдастырылған «Жас Жаман – 2025» байқауы өтті.
📢 Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
🥇 І орын – Жумабекова Іңкәр Муратовна, арнайы пән оқытушысы (Қонақ үй бизнесі мамандығы);
🥈 ІІ орын – Ыбырахым Нұрай Сабитқызы, арнайы пән оқытушысы (IT мамандықтары);
🥉 ІІІ орын – Қуат Нар, арнайы пән оқытушысы (IT мамандықтары).
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен кәсіби табыс тілейміз!
🏆 Дойбы “100” бойынша есту қабілеті зақымданған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында
1ПК-9спец тобының білімалушысы Баймолда Алтын жалпы командалық есепте І орын иеленді!
🎉 Білімалушымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістерің көп болсын деп тілейміз!