Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің Дене шынықтыру пәні оқытушысы Мусабеков Қанат Әбдіразақұлы Еркін күресінен “Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері” атағына ие болды. Оқытушымызға алдағы уақытта тек жеңіс тілейміз!

Даутова Барбигуль, студентка группы 2ГБ-9Б, заняла ІІІ место в городском конкурсе профессионального мастерства среди студентов колледжа «Горничная-2024». Руководитель: Жумабекова Инкар Муратовна. Поздравляем, пусть у вас будет много побед!

Қазіргі уақытта заманауи білім беру кеңістігінде өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау мәселесі өте өзекті болып отыр. Қоғам дамуының қазіргі заманғы тенденциялары, еңбек нарығының динамикасы мен технологиялық прогресс заманауи адамға қойылатын талаптарға айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттің дарынды, шығармашыл жастарға сұранысы жастардың ерте кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтау қажеттілігін анықтайды. Осы мақсатты айқындай отырып, колледжімізде Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы ұйымдастырған мектеп, гимназия директорларының қатысуымен өте ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында, кәсіби бағдар жұмыстарын дамыту үшін меморандумға қол қойылып, колледждің техникалық базасы таныстырылып, студенттердің курстық, дипломдық жобаларынан қойылым көрсетілді.

 

 

Қазақ поэзиясының символына айналған Мұқағали Мақатаевтың жыл сайын туған күні қарсаңында еліміздің барлық аймағында әдеби кештер үздіксіз өткізіледі. Осы орайда Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің білім алушылары “Мәңгі өлмес жыр, дастаны” атты мұзбалақ ақиық ақынның 93 жылдық мерейтойына арналған мәнерлеп оқу челленджін ұйымдастырды.
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі челленджді барлық колледждерге жолдайды. 

2023 жыл қазан айының 21-і күні Алматы қаласы бойынша жалпы қалалық сенбілік өткізілді. Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің барлық қызметкерлері қалалық сенбілікке белсенді ат салысып, колледж аумағымен ғимаратқа тазалық жұмыстарын жүргізді.