Бүгін, қыркүйек айының 1 жұлдызында, сағат 11:00де Қазақстан Республикасының Президенты Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауы жарияланған болатын. Жолдама туралы қысқаша баяндап өтсек:

-        Инвестиция тарту жүйесін жетілдіру керек;

-        Мемлекет қаржысын оңды-солды шашуға жол берілмейді;

-        Медициналық сақтандыру жүйесін қайта қарау керек;

-        Аудандық 32 аурухана толығымен модернизациядан өтеді. Резидентура гранттары 70%-ға артады;

-        Бала-бақшадағы тәрбиешілер жалақысын көтеру керек. Олар аттестациядан өтеді.

-        2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз;

-        Сұраныс қай тілде болады, сол тілде мектептер болады.

-        Әйелдердің зейнет жасы- 61 жас (2028 жылға дейін»)

-        Елдегі минималды айлық -70000 болады;

-        18 жасқа дейін балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан ақша түсіп отырады. Бұл ақша 18 жасқа дейін алынбайды. Кейін оны үй алуға, оқуға жұмсай алады.

   Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік! Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын!

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін кеңінен талқылау мақсатында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің ұжым қызметкерлері арасында жиын өткізілді
    Кездесу барысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс бойынша жауапты офицері Әзімхан Асқан Өркенұлы – бүгінгі таңда қоғамның сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға деген талпынысы бұрынғыдан да зор екендігін атап өтіп, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың төмендеуі бұл – экономикалық өсу мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі шарты болып табылатынын атап өтті.           Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық көріністерінің ең алғашқы сатыларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс қызметі қалыптасуда.
    Сонымен бірге, адалдық, адамгершілік, шыншылдық, тазалық принциптерін ұстануға шақырып, парасатты қоғам құруға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет екендігін хабарланды.
    Кездесу соңында қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алынды.

2022 жылғы 1 -25 мамыр  аралығында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің Студенттік Кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен Балалар жылына арналған "Өмір сүр, Ғаламшар!" атты Экологиялық акциясы өткізілді. #Балаларжылы2022#Годдетей2022#студенттікпарламент#студенческийпарламент

       Қазақтың кәсіби ән өнері дегенде, біздің есімізге ең алдымен түсетін санаулы ғана есім бар. Олар аттары аңызға айналған – Күләш Байсейітова, Ермек Серкебаев және бүгінгі ескерткіші ашылғалы отырған Роза Бағланова. Бұл ескерткіш жеке адамға ғана емес, ұлтымыздың ән өнеріне, тұтастай қазақ мәдениетіне қойылып отырған ескерткіш! Қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін бой көтеріп отырған бұл ескерткіш жақсылықтың жаршысындай болып, айналасына жылуын шаша берсін!
       Ескерткіш көрнекті опера және эстрада әншісінің 100 жылдығын мерекелеу аясында Төле би көшесі мен Қалдаяқов көшесінің қиылысында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында орнатылған. Ескерткішті Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің білім алушылары да тамашалап қайтты.

Бүгін, мамыр айының 25 жұлдызында Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой пікірді талқылап-таразылау мақсатында Алматы қаласы Бостандық ауданы штабы атынан Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің директоры, спикер Жаниязова Жарқын Лепесқызы Қазахфильм ықшам ауданы 23 үй тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері, Конституциялық реформаның бағыттары талқыланып, ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы екендігін, себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт болатындығына баса назар аудару қажет екендігі айтылды.