11 ноября 2022 года благотворительный фонд «Независимость лучший подарок» проводил инклюзивный благотворительный концерт, в котором профессиональные артисты выступили на одной сцене с детьми с органиченными возможностями. Уникальность данного концерта в том, что гонорар получат только дети инвалиды. Студенты группы 2 ПК-9Б(ком.)  под руководством мастера Захарова И.В., сделали им прическу, макияж и создали  творческую атмосферу.

 

"Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен "Мен-көшбасшымын!" атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшылары арасында қалалық слет өтті. Қалалық слет аясында "Балалар ұйымдары және мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы: даму перспективалары" тақырыптық алаң жұмысында бақ сынаған колледжіміздің 1 курс студенті Әлиасқар Зере арнайы сертификатпен, жетекшісі  Бозтай Малика Садвахасқызы алғыс хатпен марапатталды. Білім алушылар қалалық слеттан керемет әсер алып, шабыттанып қайтты.

Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.

Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық - еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін колледж қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.

Оқу орнымызда «Адал ұрпақ» еріктілер клубының құрылу мақсаты-білім алушыларымызға  рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті - колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Егер, жастайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңіретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге  мүмкіндігі жеткілікті болады. Білім алушыларды колледж қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады, демек, «Адал ұрпақ еріктілер клубы» да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық.

Осы клуб жұмысы арқылы білім алушылардың адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, намысты азамат болуға, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді білім алушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ-Мәңгілік Елдің кепілі.

 

 

Бүгін, "Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі" 15 қараша "Жұмыс берушілер" күнін өте жоғарғы деңгейде атап өтті. Кез-келген кәсіби білім ордасының негізгі мақсаты - заман талабына сай элиталы маман иелерін даярлай отырып, кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандырып, жас түлектерді жұмыс орнымен қамтамасыз ету. Бүгінгі іс-шарада өткізілген семинар, сұлулық индустриясындағы конкурс, жұмыс берушілерден мотивациялық тренинг, шеберлік сағаттары осының нақты дәлел-айғақтары бола білді. Жұмыс берушілердің ойға қонымды пікірлері, жұмыс барысындағы қиындықтары мен тәжірибелері, әсіресе жеңіл өнеркәсіп саласының қазырғы уақытта ғарыштап дамып келуімен бір қуантса, жас түлектердің осы бір салада көп тұрақтанбайтынына қынжылатындығын да атап өтуі маңызды болды. Бітіруші түлектерге ақылы тәжірибеден өтіп, ары қарай дайын маман ретінде өндірісте қалуына қолдау білдіретіндігін және барынша дайын екендігін жеткізді. Колледждің ең аса, маңызды бір бағыты - ынтымақтастықты үнемі жоғарғы деңгейде бағалап, қоғамдық өмірінен ойып алар орны бар, әрдайым қолдауы мен қолпаштауын аямайтын жұмыс берушілерімізге алғысымыз шексіз.

 

18 мамыр күні сағат 19:00-де Алматы қаласының барлық мұражайларында «Музейдегі түн-2022» акциясы өтті.
Қонақтарға ретро стильдегі интерактивті бағдарлама көрсетілді: викториналар, квесттер, тарихи фильмдер және фотоаймақтар. Акцияның ашылуы Алматының Орталық мұражайында, 60-шы жылдардағы Алма-Ата атмосферасында антиквариат көрмесі, The Fridays тобының рок-н-ролл концерті және өнерпаздар арасында үздік ретро костюм байқауы өтті. қонақтар. Бұл шараға Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі де белсене қатысты.