Күні: 13-14 ақпан 2020

Өтетін орны: Наталья Сац атындағы ТЖБ

 

"Jas Skills" - бұл 15-18 жас аралығындағы жастардың жұмысшы мамандықтары бойынша біліктері мен дағдыларын көрсету мүмкіндігі бар беделді іс-шара. Бұл чемпионат жұмыс мамандықтарын танымал етуге және Алматы қаласы оқушыларының ерте кәсіби бағдарлануына серпін береді.

2020 жылдың 13-14 ақпанында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінің қолдауымен "WorldSkills Kazakhstan" қозғалысы аясында "JasSkills"бірінші аудандық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Жарысқа қатысушылар арасында колледждердің 88 студенті бар: болашақ электриктер, құрылысшылар, аспаздар және т.б. барлығы 16 мамандық ұсынылды. Жарыс "Worldskills" халықаралық қозғалысы аясында ұйымдастырылды, оның мақсаты жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіби білім беруді дамыту болып табылады. Біздің колледжден "веб-дизайн" құзыреттілігі бойынша "есептеу" мамандығының 3 курс студенті Мұсағали Нұрдәулет қатысты

Агсит-те "Жаңа жылға" арналған іс-шара өткізілді, колледж оқушылары іс-шараны мерекелеуге белсенді қатысып, өз қабілеттерін көрсетті

 

2019 жылдың 11 желтоқсанында Бостандық ауданының психиатр-нарколог дәрігері А.А. Трубникова колледж студенттері арасында "Жастар есірткіге және алкоголизмге қарсы бұл-сенің жолың емес" тақырыбында тренинг өткізді.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Бұл күні "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы"Конституциялық заң күшіне енді.

Мереке қарсаңында АГКСиТ-те Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының 2 курс білім алушылары Канатова Альбина, Илахунов Абдрасул Алматы қаласының колледждері арасында "Мен-кәсіпкермін" IX қалалық іскерлік экономикалық ойынына қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді.