2025 жылы 5 акпан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Бакиров Д.А. Алматы сервис және технологиялар колледжінде студенттермен көздесіп БҰҰ ТДМ талқылау аясында ТДМ-11 «Қауіпсіз және инклюзивті қалаларды құрудың құқықтық аспектілері: қалалық ортаның қолжетімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі заңнаманың рөлі» туралы баяндама жасады. Баяндама барысында Бакиров Д.А. мырза студенттерге ТДМ-11 шеңберінде мемлекетімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, қауіпсіз және инклюзивті қалаларды құрудың ел өмірінің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына елеулі әсер ететінін атап өтті. Бакиров Д.А. мырза қазіргі кездегі құқықтың өзекті мәселелеріне, атап айтқанда, жастардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін, құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алумәселелеріне тоқталды. Кездесу барысында көтерілген сұрақтарстуденттер мен оқытушылардың қызығушылығын тудырды. Кездесу жоғары деңгейде өтті және студенттер, оқытушылар арасында белсенді білім алмасуға ықпал етті.
Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл - “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялады. Осы орайда, Алматы сервис және технолгиялар колледжі “Сәттілік жолы” атты челленджі Тараз сервис және технология колледжінен қабылдап, Жамбыл облысы №9 Меркі колледжіне жолдайды.
Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, оқу орнымызда “Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуы. Ерте жүктіліктің қауіп-қатері “ тақырыбында дәрігер мамандардың қатысуымен дәріс жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің әлеуметтік, мәдени және психологиялық себептерін талдау. Ерте жүктіліктің денсаулыққа және өмір сапасына теріс әсерлерін түсіндіру, оның ішінде ана мен баланың денсаулығына байланысты қауіптер. Жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас орнатудың, оларды дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етудің және ерте жүктіліктің алдын алу үшін ата-аналар мен білім беру мекемелерінің маңыздылығын түсіндіру. Жасөспірімдерге арналған психологиялық қолдау көрсету, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету шараларын түсіндіру.