04.02.2021 ж АГКСиТ психолог Г. С. Хасанованың "Мейірімділік – бұл адам жанын жылытатын күн" тақырыбында семинар — тренинг өткізілді.
Мақсаты: ақиқаттың жалпыадамзаттық құндылықтары тәжірибесі арқылы студенттердің жақсылық, мейірімділік, жақсы, игі істер туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту: мейірімділік, тілектестік;
● мейірімділіктің әр адамның өміріндегі рөлі туралы білімді кеңейту, игі істерге ұмтылу;
● оқушыларды басқаларға мейірімділік пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақта шындықты жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесі арқылы, жағдайларды, көрнекі мысалдарды сахналау, бейнематериалдарды қарау және кері байланыс алу арқылы жақсылық, мейірімділік, жақсы, игі істер туралы түсінік кеңейтілді.
Мейірімділік-бұл адамның жанын жылытатын күн
04.02.2021 ж АГКСиТ психолог Г. С. Хасанованың "Мейірімділік – бұл адам жанын жылытатын күн" тақырыбында семинар — тренинг өткізілді.
Мақсаты:
Жеке бизнес ашу, кәсіпкерлік – бұл қызметтердің ішіндегі ерекше сала, ерекше еңбек түрі. Жаңа кәсіп ашу – мықтылардың, жасампаз жандардың ғана қолынан келетін іс деуге болады. Кәсіпкер дегеніміз тәуекелшіл адам, инновациялық өзгерістерге икемді жан, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға. Ол өз дегеніне қол жеткізу арқылы елінің экономикасын жақсартуға үлесін қосатын мүмкіндікке ие. Сондай тұлғалардың бірі – Фарида ханым!
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде 2 ақпан күні сағат 14:00де «Мамандығым – мақтанышым!» тақырыбында модельер- конструктор тобының 1 курс студенттерімен Фарида Мерхамитқызы «Ерке-Нұр» компаниясының президенті, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Нұр Отан саяси кеңес мүшесі, Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі, стилист-модельер , «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының Алматы қалалық кеңесінің мүшесі, ҚР Мәдениет ісінің үздігі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Алматы қаласының маслихат депутаты өмірі мен еңбек жолы арқылы ынталандырып күш жігер беру мақсатында шақырылған, Zoom қонағы ретінде қатысып, әңгіме - сұхбат өткізілді. Оқушылар тарапынан көптеген қызық сұрақтар қойылып, белсене қатысып, білімдерін шыңдап, қызығушылықтарын танытты.
- Дүниеде қай елде болсын, қандай жағдайда болсын 3 түрлі пышақ, не қайшыдан өлмейтін кәсіп жасауға болатындығын, мысалы тамақ жасайтын пышақ, шаштараздың қайшысы және біздің киім пішетін қайшымыздан тек адам бар жердің барлығында, кәсіп жасауға болатындығын жастарға түсіндіріп, осы оқыған конструктор- модельер білімдерін ары қарай дамытып, небір тамаша киімдер тігіп, өміріне нәсіп болатын жұмыс жасауға болатындықтарына сендіріп, болашақта еліміздің мықты конструктор -модельер болуларына, жеңіл өнеркәсіпті дамытатын кәсіпкерлер болуларына тілектестік білдірді.
https://www.facebook.com/100008604166837/posts/2664323123864467/?d=n
«Баланың жақсы азамат болып өсуі үшін ата-аналар балаға нені үйрету керек?»
25.01.2021ж. жасөспірімдердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында колледжішілік жылдық жоспарға сай «Саналы ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен «Баланың жақсы азамат болып өсуі үшін ата-аналар балаға нені үйрету керек?» тақырыбында ата-аналар арасында сауалнама өтті.
26.01.2021 ж. АГКСиТ психолог Г. С. Хасанованың "педагогикалық ұжымдағы іскерлік қарым-қатынас этикасы" тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Жоспар:
- Этика және этикет туралы түсінік және шығу тегі
- Кәсібилік адамгершілік қасиет ретінде
- Кәсіби этика нені зерттейді.
- Жалпы моральдық нормалар мен адамгершілік қасиеттер.
- Кәсіби этика түрлері
- Педагогикалық қарым-қатынас этикасының негізгі принциптері.
Этика туралы негізгі ұғымдар, Кәсіби этиканың пайда болуы, оның әр кәсіби топ өкілдерінің мінез-құлқының жалпыланған тәжірибесі негізінде дамуы және кәсібилік адамның негізгі адамгершілік қасиеті болып табылады. Кәсіби этика түрлерін зерттеу моральдық қатынастардың алуан түрлілігін, жан-жақтылығын көрсетеді. Әр мамандық үшін белгілі бір кәсіби моральдық нормалар ерекше мәнге ие болады.
