08.02.2021ж сағат 15:00де Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде «Жыныстық тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс!» тақырыбында валеология пәнінің оқытушысы Джумабекова К.Н семинар сабақ өткізді. Семинар сабақта студенттерге жыныс тәрбиесінің маңызы,ерте жыныстық қатынастың зардаптары және ерте жүктіліктің соңы қандай зардаптарга алып келетіні жайында әңгіме қозғалды.
Жыныстық өмір тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері:
- Жасөспірімдердің денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;
- Жыныс аралық қатынас аралықтарында мәселелерді саналы түрде шешімін табуды үйрету;
- Жасөспірімдерде салауатты өмір салтына, жанұяны жоспарлауға, ата-аналыққа жауаптылыққа позитивті қарым - қатынас қалыптастыру.
- Сексуалды іс-әрекетіне жауапты болуға, ерте жыныстық қатынасқа теріс көзқарас қалыптастыруға үйрету.
05.02.2021 жылы Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде 1 курс оқушылары арасында педагог-психолог Кенжебаева К.Б. «Менің проблемаларым» атты тренинг өтті.
Мақсаты: студенттердің мәселелерін түсінуге және оларды шешудің сындарлы жолын табуға үйрету; рефлексиялық ойлауды дамыту; проблемаларды адекватты бағалау және шешу қабілеттерін дамыту; тәуелділікті мінез-құлықты проблемалардан аулақ болудың деструктивті тәсілі ретінде қарастыру; мәселелерді шешуде өздерінің тәжірибелерін жаңарту.
«Бала жүрегі - кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ұстаздың қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу ұстаздың міндеті.Ұстаз — білім ордасының жүрегі болса, оның жетістігі шаңырақтың беделі. Ал, білім ордасы— мемлекеттің басты тірегі. Олай болса, қазіргі таңда ұстаз білікті әрі шебер, ұшқыр ойлы, қабілетті, өз пәнін жетік меңгерген болуы керек. Ұстаздар қатарын толықтырып отыратын сіз секілді білікті мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жaс ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Сондықтан әрбір білікті маман бұл жауапкершілікті сезінсе, біздің мемлекетіміздің қорғаны нығая түспек. К.Ушинский: «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деген ойымен келіспеу мүмкін емес. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда, колледжімізде білім алушы мен білім беруші жас мамандардың тілін тауып, тілдесу, нәтижелі бағыт-бағдар берудің өзі үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату ұстаз деген ұлы тұлғаның парызын өтеудегі еңбегіңіз зор деп білеміз. «Елімнің болашағы» деп еткен еңбектің қашанда бағаланатыны хақ. Соның бір дәлелі – еліміздің тарихи шежіресі «Қазақстанның Алтын кітабында» есіміңіздің алтын әріптермен жазылуы.
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі ұжымы осы қуанышты сәтіңізді шын ниетпен бөлісе отырып, жас ұрпақтың мол сырын ұғу үшін, жас таланттың белін бекем буу үшін, білімнің шыңына шығу үшін, сол шыңға ерен еңбектің туын тігу үшін бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ - ырыс тілейді!
Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Бұдан былай қазақстандық студенттердің кәсіби тәжірибесі жұмыс өтілімі ретінде саналатын болады. Студент колледжде теориялық білім алып, мамандығы бойынша жұмыс орындарына жіберіледі. Дуалды білім беру жүйесінің өзгешелігі неде? Тәлімгерлерге жауапты мамандар не дейді? Оны Almaty.tv тілшісі Оразай Нұртайдан білсек.
Студенттер дипломдарын ала салып, мамандық бойынша бірден жұмысқа орналасып кетуі қиын. Жұмыс орындары да оқуын енді тәмәмдаған студенттен жұмыс өтілімін талап етеді. Бұл факторлар елдегі жұмыссыздық санын да арттырды. Осыған орай Білім туралы заңға өзгерістер енгізілді. Ендігіде колледж студенттері дипломын алмай тұрып, мамандықтары бойынша біліктілігін практика барысында шыңдайды. Кәсіби тәжірибесіне кеткен уақыты жұмыс өтілімі ретінде есептелетін болады. Қазіргі таңда елімізде 535 колледж дуалды білім беру жүйесіне көшті.
«Осы қаладағы ірі кәсіпорындармен дуалды оқыту жүйесінде келісім-шартқа отырып, үш мамандық бойынша осы жүйеге көшіп жатырмыз. Бірінші мамандығымыз – қонақ үй шаруашылығы, туризм мамандығы бойынша, тігін өндірісі және үлгілеу мамандығы бойынша үш мамандықты дуалды жүйеде оқытып жатырмыз», – деді Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің директоры Жарқын Жаниязова
Студенттерді қабылдайтын кәсіпорындармен де келісімшарт жасалды. Бүгінде келісімшарт бойынша 5 мыңнан астам кәсіпорын 58 мың 600 студентті жұмыспен қамтыған. Сондай жұмыс орнын ұсынушылардың бірі тігін цехына жоғары деңгейде білім алған жастарды қабылдапты.
«Біз студенттерді міндетті түрде өзімізге шақырамыз. Себебі бізге өз жұмысына жаңа көзқараспен қарайтын мамандар қажет. Сол үшін колледж студенттерін кәсіби тәжірибеге қабылдаймыз. Шеберлігімен көзге түскендерге жұмыс орнын да ұсынамыз», – деді тігін цехының конструкторы Надежда Попова
Дуалды оқытуға барлық мамандықтар ұсынылмайды. Теория мен тәжірибені ұштастыратын білім жүйесіне қандай мамандықты енгізу керегін колледж өздері шешеді. Өз мамандығы бойынша кәсіби тәжірибеден өткен студент оқуын аяқтағаннан кейін дипломмен бірге қосымша құжат алады. Сол құжат жаңа кәсіби маманның жұмыс өтілімін растайтын болады. Дуалды оқыту жүйесі өз ретінде жұмыссыздықпен күресудің оңтайлы жолы болып отыр дейді мамандар.
Ақпарат almaty.tv сайтынан алдынды!
03.02.2021 ж АГКСиТ психолог Г. С. Хасанованың "Имя – человек" және адамның дүниетанымы " тақырыбында семинар - тренинг өткізді.
Семинар – тренинг жоспары:
Мақсаты: адамның жағымды қасиеттері мен адамның жеке басының дамуына ықпал ету, адамның шындықты білуге деген ұмтылысы, өзінің "Мен" туралы білуі және бөлінбейтін бөлігі ретінде өзін-өзі тану және адамгершілік қасиеттердің тасымалдаушысы ретінде адам туралы.
Міндеттері:
Адамның қоғамдағы орны туралы идеяларды кеңейту.
"Мен"таным процесінің шексіздігін түсіну арқылы құндылық бағдарлары мен сенімдерін дамыту.
Өз ойлары, сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу.
Тренингтің басты бағыты, оқушылардың адам дегеніміз — біз "тұлға"деген сөзбен түсінетін барлық нәрселердің жиынтығы екенін түсінуіне бағытталған.
Бұл атау, мамандық, түр және тағы басқалар.
Болашақта сыртқы келбеті әдемі, ұзын болуы мүмкін адам,