Бүгін, 2мк9а-2 тобында «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру.
Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою туралы түсіндірілді. Жемқорлықтың себептері мен салдары оларды болғызбаудың алдын алу жайында мәлімет беріліп, студенттер өздерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
2021 жылдың 15 наурызда «Sanaly urpak» жобасының жетекшісі Бозтай Малика Садвахасқызының ұйымдастыруымен «Жауапкершілік құндылықтары» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты жауапкершіліктің мағынасын ашып, құндылықтарын дәріптеу, жанашырлық пен табандылыққа тәрбиелеу.
Жауапкершілік — адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет, тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заманның өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс.
Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай Жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді.
Жастар ұйымының төрағасы Тірібосынов Айтөре 8-наурыз - Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтап, колледж оқытушыларына Төлеген Айбергеновтың "Ана" туралы өлеңін жолдады.
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің ұжымы 8 - наурыз әйелдер күніне арналған «Ана-тіршілік тірегі» атты салтанатты іс – шара өткізді. Салтанатты іс шараны мерекелік құттықтау сөзбен колледжіміздің директоры Жаниязова Жарқын Лепесқызы бастап, «Әлемнің жарығы» атты хормен жалғасын тапты. Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана! Осындай игі сөздермен салтанатты іс шараны аяқтадық. Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз!
Алғыс айту күні-Қазақстан халқын бір шаңырақ астында біріктіруге бағытталған "Мәңгілік Ел" ұлттық-патриоттық идеясының негізгі тірегі, елдің барлық ұлттары мен этностарын біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекесі. Осы күнге орай Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде " Алғыс айту күні-біздің парызымыз!"қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды .