Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде 26.03.2021ж сағат 14:00де «Адам саудасы қауіпі және сақтық шаралары» тақырыбында «Родник» қоғамдық қорының психологы Кенжебай Гүлбану онлайн вебинар өткізді.
Мақсаты: жастар мен оқытушылар арасында адам саудасына қарсы іс – қимыл және қауіпсіз көші - қонның маңыздылығын хабардар етуді арттыру, сақтық қағидаларымен танысу арқылы адам саудасын төмендетуге ықпал ету.
Мигрант, адам саудасы,оның элементтері мен салдары туралы баяндап, мысал ретінде видеороликтер көрсетілді. Оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алынып, алдағы жасалатын жұмыстардың жоспарымен таныстырылды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығының» мерекесіне орай коллледж қыздары арасында 17 наурыз күні 11:00де асық жарысы өтті. Ондағы мақсат: салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды тұрақты түрде денешынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, ынталандыру болатын. Жарыс жеңімпаздары мен жүрдегерлерін Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі 22 наурыз қарсаңында «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мейрамына арналған іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Наурыз мерекесін қол алысып, көрісу күнімен бастап, үлкендермен сәлем алып, бір-бірін осы күні қыстан аман-есен шығуымен құттықтап, өкпеназды кешіріп, дастарханға бата сұрап, жаңа жылға қадам бастайды.
Іс-шараның жоспарланған бағдарламасына сай, құттықтау сөз колледж директоры Жаниязова Жарқын Лепесовнаның құттықтау сөзімен басталды. Колледж оқушыларының «Жерұйық» ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазының «Балбырауын» күйі тыңдалып, қыз ұзату дәстүрі бойынша бейнеролик көрсетілді. Іс-шара әсем әуенмен жалғасын тапты.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің ұжымы, барша қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, еңбекте табыс тілейміз!
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығының» мерекесіне орай коллледж қыздары арасында 16 наурыз күні 11:00де тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Ондағы мақсат: салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды тұрақты түрде денешынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, ынталандыру болатын. Жарыс жеңімпаздары мен жүрдегерлерін Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің мақтау қағаздарымен марапатталды.