2021 жылдың 19 қазанында Бостандық ауданы полиция басқармасының ЮПБ КТЖБ ісі жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы, полиция майоры Кокилова Айнұр Жалғасбайқызының колледж студенттерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқығы, міндеттері, заң алдындағы жауапкершіліктері туралы, «Бопсалау және төбелес» тақырыбында дәріс оқып, видео көрсетті, білім алушылардың сұрақтарына толық жауап берді.
2021 жылдың 22 қазанында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде "Сән технологиялары", "Мобильді дағдыларды дамыту", " Шаштараз өнері" құзыреттіліктері бойынша Worldskills Kazakhstan 2021 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жабылу салтанаты өтті.
Аталған чемпионаттың мақсаты әр мемлекетте және жалпы әлемнің барлық мемлекеттері арасында кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу арқылы әлемнің үздік тәжірибелері мен кәсіби стандарттарын үйлестіру бағытында кәсіби білім беруді дамыту және мамандықтардың біліктілігін арттыру болып табылады.
Конкурстық тапсырмаларды әлеуметтік әріптестер, тәуелсіз сарапшылар және ұсынылған құзыреттіліктердегі сарапшылар бағалады. "Сән технологиялары" құзыреттілігі бойынша - II орын Ыбырайым Қанағат, тобы- 4МК-9А-1. III орын - Кеңесбек Айзада. Тобы – 4МК-9А-2.
"Мобильді дағдыларды дамыту" құзыреттілігі бойынша – II орын Зайцев Максим, тобы - 3ВТ-9Б, III орын - Сембай Нұррамазан, Ұзақбай Ерасыл, тобы - 4ВТ-9А.
"Шаштараз өнері" құзыреттілігі бойынша – II орын - Капсадыкова Аяжан Куандыкқызы, тобы – 4ПК-9Б, III орын - Нескоромная Светлана Ивановна, тобы – 4ПК-9Б.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!
«Жер жәннаты - Жетісу» атанған Алматы облысының табиғаты сан алуан. Бұл аймақтан қаңсыған шөлді де, көсіле аққан көлді де, зәулім тауды да кездестіруге болады. Сондықтан, Алматы облысының көркем табиғатын тамашалауға еліміз бен шет елден келушілер саны күннен-күнге артып келеді.
Түрген шатқалы – Алматыдан шығысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан, Іле Алатау табиғи паркінің көрікті жерлерінің бірі саналады. Табиғаты көрікті, ауасы саф, суы таза Түрген шатқалы флора мен фауна әлеміне өте бай. Мұнда құрғақшылыққа төзімді Семенов үйеңкісі, Мушкетов кургавкасы, жабайы өрік ағашы, Сиверс алмағашы, қайың мен терек, қылқанжапырақтылардың түрлері, оның ішінде шырша қаулап өседі. Түргенде бұтасын өсімдіктерден қарақат, бөріқарақат, таңқурай, бүлдірген, қойбүлдірген, итмұрын т.б. өседі. Жануарлардан қоян, борсық, тиын, қабан, тауешкі, қасқыр, аюды және жылан мен құстың түрлерін кездестіруге болады.
Түрген шатқалы тек демалуға ғана емес, емделуге де өте қолайлы жер. Іле Алатауынан бастау алатын Түрген өзенінің ағысы қатты, орташа ағу жылдамдығы 3 м/с. Өзеннің жағалауын қаулай Тянь-Шань шыршасы өседі.
Мұнда рафтинг спорты бойынша үнемі жарыстар ұйымдастырылып отырады. Түрген өзенінің сол жақ жағалауындағы магистраль жолынан 19 км. қашықтықта аса терең жерден шығып жатқан жылы киелі бұлақ суы ағзаға өте шипалы болып саналады. Шатқалдағы патша форелін, сазан мен тұқы балығын өсірумен айналысатын шаруашылық, тұйеқұс шаруашылығы мен атқа мініп саяхаттау туры да келушілерді өзіне тартып тұрады.
Түргенде барлығы жеті сарқырама бар. Биіктігі мен әдемілігіне қарай мұндағы екі сарқырама қалғандарынан ерекшеленеді. Соның бірі «Аюлы» сарқырамасы. Бұрындары мұнда аюлар көптеп мекендегендіктен «Аюлы» атауына ие болған. Оның биіктігі 40 метр. Саяхатшылардың басым бөлігі дәл осы сарқыраманың маңында демалады. Географтардың болжамы бойынша, сарқыраманың жасы екі миллион жылға жететін көрінеді.
Жоспар бойынша 2021 жылдың 19 қазанында Асмед-2 емханасының уролог мамандары Ахмадиев Нұрлан Құрманғалиевұлы мен Абдазимова Лаура Беганқызы, Елеубаева Томирис Серікқызы "Профилактика ранней беременности", "Профилактика ранней беременности" осындай тақырыптарда 1-курс оқушыларымен бірге қазақша, орысша тілдерінде дәріс өткізілді. Әрбір баяндамадан кейін әр-түрлі сұрақтар қойылып, баяндамалар талқыланды. Студенттер белсене қатысып, білімдерін шыңдап, қызығушылықтарын танытты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған патриоттық іс-шаралар өткізу
Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі – балаға патриоттық тәрбие беру жөнінде еліміздің қаһарман жазушысы Б.Момышұлы: «Ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты» деген. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие ісінің өзегі болып табылатын бұл белгілер, яғни, тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, патриоттық ісәрекетін ұйымдастыру оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнынан бастама алып, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарда жалғасын тауып отыратыны баршаға мәлім.
Осы жұмыстарды орындау мақсатында 8.10.2021жылы сағат 15:00де Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде Алматы қаласы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған патриоттық іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында көрнекті қайраткерлердің, этномәдени ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.