Алматы қаласының колледждер арасында өтіп жатқан XXVІ- спардакиадасында АМСжТК-нің қыздар командасы теннистен II-орын, волейболдан ІІ-орынды иеленді.
Алматы қаласының колледждер арасында өтіп жатқан XXVІ- спардакиадасында АМСжТК-нің қыздар командасы шашкидан III-орын шахматтан І-орын иеленді. Ұлдар командасы шашкидан II-орын иеленді.
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде 2022 жылдың 25 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай, Ауған соғыс аударгерлері Бейсенбаев Әуез Тұлмаханұлы, Темешов Абзал мырзалармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты:
- өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар
жауынгер ағалар ерлігін үлгі ет отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету;
- Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін
қастерлеуге тәрбиелеу.
1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
Ұзақ жылдар бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендерді жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыз біздің ортамызға келіп, кездесу барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, патриоттық сезімдері оятты.
Көктемнің алғашқы күні оқу орнымызға бірлік пен берекенің шуағын шаша келді. 1 наурыз - Алғыс айту күнін колледж білім алушылары шынайы көңіл күймен қарсы алды. Жас ұрпаққа ауызбіршілік пен татулықты насихаттайтын бұл мерекені Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің білім алушылары асқан белсенділікпен атап өтті, сынып сағатының уақытында белсенді оқушылардың қатысуымен мерекелік іс-шара аталып өтілді. Сабақ аралығында радиохабарлардан мерекенің шығу тарихы, мəн-мағынасы жайлы ақпараттар таратылды. Колледждің белсенді білім алушылары əрбір оқытушы мен білім алушыларға əр түрлі тілдегі "Рақмет" сөзі жазылған қағаздар таратып, тамаша көңіл-күй сыйлады.
Біз, жас ұрпақ, Қазақстанның болашағымыз. Біз оны құруға және қорғауға, бейбітшілік пен халықтарарасындағы достықты нығайтуға, тарихымызды терең тануға тиіспіз!
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің «Студенттік Парламент» тобындағы белсенді оқушылар бірлесе отырып, алғыс күніне орай «Ашық жүрек» челленджін өткізді және осы челленджді басқа білім беру ұйымдарына жолдамақ! Жақсылық жасап жарысайық! #студенческийпарламент #студенттікпарламент