2022 жылдың 4 сәуірінде Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің «Туризм» мамандығы бойынша бітірушілерге салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті.
Жаңадан шыққан түлектерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз! Сіздің өміріңізде жаңа кезең басталады. Сіздің алдыңызда ең маңызды міндет – жинақталған білім жүкті іске асыра білу, бәсекеге қабілетті маман болу. Сіздің кәсіби жетістігіңіздің ең жақсы кепілі – AKS&T-да алған сапалы білім.
Құрметті түлектер! Кәсіби биіктерге жетіп, өмірде табыс тілейміз!АГКСиТ түлегі атағын мақтанышпен киіңіз!

2022 жылғы 16 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Жолдауы жарияланған болатын. 

Мемлекет басшының Жолдауы еліміздің таяу жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жолын айқындайтын стратегиялық маңызы бар құжат.

Осыны ескере отырып, Жолдаудың негізгі басымдықтарын қала жұртшылығының арасында түсіндіру мақсатында, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің ұжымымен, тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Умирбаева Д.С. мекемеде іс-шара ұйымдастырып, ақпаратты толықтай жеткізіп, хабарлады.

Жолдау 5 бөлімнен тұрды:

  1. Заман талабына сай тиімді мемлекет
  2. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика
  1. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі
  2. Қуатты өңірлер - қуатты ел.

Жолдаудың 7 көздеген нысаны:

  1. Пандемиядан кейінгі экономикалық даму
  2. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.
  3. Сапалы білім беру
  4. Өңірлік саясатты жетілдіру
  5. Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру
  6. Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау
  7. Ұлттың ұйысуы - одан әрі дамудың басты факторы.

 Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік, ағайын! Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын!

2022 жылдың 28 наурызында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде колледждің әлеуметтік серіктестерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Әрі қарай дамыту және ынтымақтастық үшін сұлулық индустриясының жаңа тенденцияларын оқыту әдістері мен дағдылары бойынша сұрақтар қарастырылды.
Ынтымақтастық үшін рахмет және біз бірге шыңдарды бағындыратынымызға сенімдіміз.

Қазіргі кезде жастар арасында дін тақырыбы өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Осыған орай, Алматы қаласы Дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Шағырбай А.Д. Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің 1 курс білім алушылары арасында, "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" атты тақырыбында дәріс оқыды. Өзекті мәселелер қарастырылып, оқушылардың сұрақтарына жауап алынды.

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде «Ашық жүрек» жобасының мүшелері, «Ардагерлерді ардайық» партиялық жобасы аясында Семей полигонында ерлік көрсеткен батырымыз, ардагер Касимов Мурат Кабденович мырзаның үй шаруашылығына көмектесіп, қуантып қайтты. Жақсылық жасап жарысайық!