Алматы қаласы бойынша өткен “ҮЗДІК 100 СТУДЕНТ” байқауына 3ВТ-9Б тобының білімалушысы және “Өзін-өзі басқару” ұйымының белсенді мүшесі — Мехирдин Ильяр қатысуда.

🔹 Ильярдың білімге деген құштарлығы мен табандылығы — көпке үлгі. Біз оның әрбір қадамына сенім артамыз және болашақта үлкен жетістіктерге қол жеткізетініне кәміл сенеміз.

Мақсаттарыңа жету жолында сенімді қадам басып, ешқашан тоқтама!

Сәттілік, Ильяр! 🌟

 

 

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері арасында өткен «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы «Үздік баннерлер эскизінің» республикалық конкурсына Алматы сервис және технологиялар колледжінен “VERITAS.AKSIT” командасы қатысты.

🔹 Конкурстың ұйымдастырушылары – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Қазақстан-Американдық Еркін университеті.

🔹 Конкурстың негізгі міндеттері:

  • Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатын кеңінен танымал ету;

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қоғам назарын аудару;

  • Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді нығайту және сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді қатысуға ынталандыру.

Команда мүшелеріне шығармашылық табыс пен алдағы бастамаларда сәттілік тілейміз!
Сіз де әділетті қоғамды бірге қалыптастырыңыз!

 

 

 

 

Алматы сервис және технологиялар колледжі Jas Gala шығармашылық фестивалінің жартылай финалына өтті!

Фестивальдің бағыттары бойынша жартылай финалға өткендер:

  1. Мобилография бағыты:
    Әскербекұлы Диас (1ВТ-9А1 тобы)

  2. Хореография бағыты – “SAMGA” би тобы:
    Ауелбек Аяжан, Баймухан Дамеля, Кенесова Талшын, Қазбек Альбина, Өмірбекқызы Айғаным (1ТУР-9А тобы)
    Асланбек Ислана (1ПК-9Б тобы)
    Тұрсынғазы Ажар, Боранбай Арайлым, Бәкітай Еңлік (2МК-9А1 тобы)

  3. Театр бағыты – “КӨК ТҰЛПАР” құрамы:
    Тұрсынғазы Ажар, Боранбай Арайлым, Бәкітай Еңлік (2МК-9А1 тобы)
    Өмірбекқызы Айғаным, Сағыныш Сезім (1ТУР-9А тобы)
    Байысбек Нұрасыл, Жолдасов Балғынбек, Исабеков Нұрзерек, Әбіләшім Әли (2ВТ-9А2 тобы)
    Касимов Жанатбек (1ВТ-9А3 тобы)

  4. Вокал бағыты – “RUH” триосы:
    Кенесова Талшын, Қазбек Альбина (1ТУР-9А тобы)
    Ашимбай Томирис (1ПК-9А тобы)

Барша қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Жартылай финалда сәттілік тілейміз!

 

 

 

2025 жылдың 26 ақпанында Алматы қаласы колледждерінің оқытушылары арасында «Master Skill» қалалық чемпионаты өтті, бұл іс-шара әкімдік тарапынан қолдау тапты. Чемпионаттың ережелері өте күрделі. Қауіпсіздік техникасынан бастап, клиенттің жайлылығына дейін барлық талаптар қатаң сақталуы керек. Әрбір ережені бұзу баллдармен айыппұл салуға әкеледі. Номинациялар өте қиын, жұмыс толығымен фотоға сәйкес орындалуы тиіс, яғни клиенттің қалауы бойынша. Номинация басталмас бұрын, жұмыстың фото үлгісі беріледі. Чемпионаттың өту алаңы @akmiso.kz. Біздің оқытушыларымыз лайықты өнер көрсетіп, екінші және үшінші орындарды иеленді.