31 қаңтар 2018 жылы Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға шақыру мақсатында колледж қыздары арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыс колледж әкімшілігі мен дене шынықтыру пәнінің оқытушылары ұйымдастырды. Жарыс нәтижесі бойынша 1-орын 1ПК-9Б (2) тобы, 2-орын 2ШВ-11А тобы және 3-орын 1ТУР-9А тобы иеленді. Жарыс жүлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды.