Бүгін, "Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі" 15 қараша "Жұмыс берушілер" күнін өте жоғарғы деңгейде атап өтті. Кез-келген кәсіби білім ордасының негізгі мақсаты - заман талабына сай элиталы маман иелерін даярлай отырып, кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандырып, жас түлектерді жұмыс орнымен қамтамасыз ету. Бүгінгі іс-шарада өткізілген семинар, сұлулық индустриясындағы конкурс, жұмыс берушілерден мотивациялық тренинг, шеберлік сағаттары осының нақты дәлел-айғақтары бола білді. Жұмыс берушілердің ойға қонымды пікірлері, жұмыс барысындағы қиындықтары мен тәжірибелері, әсіресе жеңіл өнеркәсіп саласының қазырғы уақытта ғарыштап дамып келуімен бір қуантса, жас түлектердің осы бір салада көп тұрақтанбайтынына қынжылатындығын да атап өтуі маңызды болды. Бітіруші түлектерге ақылы тәжірибеден өтіп, ары қарай дайын маман ретінде өндірісте қалуына қолдау білдіретіндігін және барынша дайын екендігін жеткізді. Колледждің ең аса, маңызды бір бағыты - ынтымақтастықты үнемі жоғарғы деңгейде бағалап, қоғамдық өмірінен ойып алар орны бар, әрдайым қолдауы мен қолпаштауын аямайтын жұмыс берушілерімізге алғысымыз шексіз.