Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды. 1937-1938 жылдары Алматы қаласында және Алматы маңындағы абақтыларда өлтірілген екі мыңдай адамның мәйіті осы "Жаңалық" ауылының іргесіне үйіндi ретінде көмілген. Елбасының тапсырмасымен бұл тарихи оқиғаға лайықты баға беру үшін 1997 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш бой көтерді. Ал 2018 жылдың 1 желтоқсанында құрбандарға арналған музей өз жұмысын бастады. Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледж студенттерімен осы бір қасиетті жерге экскурсия жасалынды.Экскурсовод 2Тур-9а тобының студенті - Қабылқақ Аяулым.