Ағымдағы жылдың 10-15 наурызы аралығында 1-3 курс оқушылары арасында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру бағыттарына аясында, «Sanaly urpak» еріктілер клубының ұйымдастыруымен «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты үздік презентациялар конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты:

  • жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат

пен патриоттың қалыптасуы мен дамуы үшін колледжде жағдай жасау;

  • зерттеушілік мінез-құлық дағдыларын жетілдіру және шығармашылық

қабілеттерін дамыту;

  • байқау тақырыбы бойынша презентация жасауда оқушылардың қабілеттерін дамыту.

 

Конкурстың қорытындысын қазылар алқасы шығарып, ең көп ұпай жинаған жеңімпаздарды дипломмен, топ жетекшілері алғысхатпен марапаттады.

Қорытындылай келе ең үздік презентациялар конкурсы бойынша:
І-орын – 1Тур-9А тобы Инаят Эльанора
ІІ-орын - 2ВТ-9А тобы Тулемисов Асылжан

ІІІ-орын – 1Мк-9А тобы Исағұл Құралай иеленді.