Қыстың алғашқы күні және алғашқы мерекесі 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні болып саналады.Тұңғыш президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті.Еліміздегі тарихи таңдау күні болып саналатын бұл сәтті барша қазақстандықтар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың топтасу күні деп есептейді. Тарих көрсеткендей қандай да мемлекет болмасын,қай заманда да әрбір елдің тағдыры шешілер қиын сәтте бір тарихи тұлға өмірге келген.Оған мысал ретінде өзінің алымды саясатының арқасында екі империяның қыспағынан аман алып шыққан кешегі Абылай ханды,Түркияның тұңғыш Президенті Кемал Ататүрікті,қытай реформалардың "әкесі" Дэн Сяопинді, Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Юді жатқызуға болады.Ал Тәуелсіз Қазақстанның бақытына орай Нұрсұлтандай ұл туылуы Алланың бізге берген сыйы болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр қайрат пен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілік керек еді. Нұрсұлтандай ұлдың бойынан сол қасиеттердің барлығы дерлік табыла білді.
Бүгінде бұл мереке өте үлкен деңгейде тойланып өтеді. Ұлт тағдыры үшін барын салып жүрген Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жасалынып жатқан игі іс-шараларды бір кітаптың өзіне сыйғыза алмаспыз.Мұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының халқына деген сүйіспеншілігін, ел жүгін мойынына арқалай білгендегі жауапкершілігін айқындайды. Сондықтан аталмыш мереке үлкен қуанышпен аталып өтіледі.Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі! Осындай елеулі еңбектерін мәңгі жадымызда сақтау мақсатында колледж ішінде «Жастар ісі комитеті» тобының ұйымдастыруымен «Ел және Елбасы» атты тақырыпта 1 курс оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өткізілді

.