Білім беру - жаңа көзқарасты, жаңашылықты талап етеді. Осы мақсатта қала көлемінде ұйымдастылып жатқан «Алматыдағы заманауи білім беру күндері» кәсіби бағдар беру фестиваліне Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің бітіруші түлектері қатысып қайтты. Шара барысында білімге құштар, болашағымыздың негізін құрайтын дарынды түлектеріміз түрлі көрмелер мен шеберлік сағаттарын тамашалап, бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандықтар мен оған түсу жолы туралы ақпарат алды. Жастарымызды бәсекеге қабілетті, зиялы тұлға ретінде қалыптастыру - адамзаттық құндылық. Олай болса, жаңа заманның талабына сай бейімделу ұлттық болмысты жаңғыртары анық.