2023 жылдың 15 ақпанында «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында 1-курс студенттері арасында Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабына талдау ұйымдастырылды.
Шараға қатысушылар соғыстан кейінгі Ербол мен Ментайдың махаббаты, тағдыры, тұрмыс-тіршілігі туралы түсіндіре отырып, романның танымдық маңызын, көркемдік құндылығын атап көрсетті. «Бұл шығарманың жастарға берер тәрбиелік мәні қандай? Сол заманда ғашықтардың келбеті қандай? Қазіргі жастардың мәдениеті жөнінде не айтамыз?» сұрақтары төңірегінде пікір алмасып, ойларын ортаға салды.