2022 жылдың қарашаның 15 жұлдызында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің бірінші курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау-2022» кеші өтті. Халықаралық студенттер күні қарсаңында өткен іс-шара «Қазақстан» қонақ үйінің салтанат залында ұйымдастырылды. Колледж директоры Жанязова Ж.Л. бірінші курс студенттеріне жүрек жарды лебізін білдіріп Білім кілтін табыстаса, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдреймова М.А. мен бөлім меңгерушісі Ахметов Е.Б. Студенттік кітапша мен Сынақ кітапшаларын табыстап, білімгерлерге сәттілік тіледі. Шарамыздың арнайы қонақтары ретінде колледжіміздің түлегі Нұрбек Елемес және жас әнші Асылжан Аршын ағасымен кешімізге ерекше көңіл-күй силады. Арнайы шақырылған қонақтар мен колледж белсенділерінің ән-билері білімгерлерге серпін беріп, шара соңы би кешіне ұласты.