Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде  30. 11. 2020 ж  Тұңғыш  Президент  күніне арналған   «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік   ойын  сайысы  өтті.

Сайыстың мақсаты:  Қазақ  халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сайысымызды бастамас бұрын  колледжіміздің директоры Жаниязова Жарқын  Лепесовна сөз сөйлеп,  сайыскерлерді   тұңғыш Президент күнімен құттықтап, сайыстың сәтті  өтуіне тілектес болды.

 

 

Сайыс   төрт асудан тұрды:

 I асу – «Бәйге»

Шарты:

  1. Сайыскерлерге Нұрсұлтан  Назарбаевтың  өміріне байланысты 8 сұрақ  беріледі.
  2. 10 секунд ішінде қойылған сұрақтың дұрыс жауабын сайыскерлер kahоot  парақшаға белгілейді

II асу – «Көкпар»

 1.Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап алынады.

  1. 12 ұяшықта «жанды сұрақтар» , «бейнелі сұрақтар» , «музыкалық сұрақтар болады.
    III асу – «асық алу»

Асық  лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді.

  IV асу – «Жорға»

Болашаққа саяхат «Егер де мен………»  Президент болсам…. Эссе 

Жастықтың оты жалындап,

Жас жүректе жанған шақ.

Талаптың оты арындап,

Әр қиянға салған шақ – деп Абай атамыз жырлағандай   жүректерінде жеңіске жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі ойын жеңімпаздарын құттықталды. Сайыс  сәтті аяқталды