Республика күні: 13 жылдан соң қайта "оралған" мерекенің тарихы мен маңызы қандай?
Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлады. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті. Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ.
Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды.
Осы орайда Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде "Жалпы білім беретін" циклдік әдістемелік комиссиясының арнайы пәндер оқытушысы бастауымен "Менің Отаным - Қазақстан" атты ашық іс-шара ұйымдастырылды.