Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Молдир Абдреймованың айтуынша, студенттер Жүсіпбек Аймауытовтың туған жер туралы керемет жазбасын өздері оқып-жазудың арқасында біраз тәлім-тәрбиені бойларына сіңірмек. Сондай-ақ, жалпыұлттық диктантқа қатысқан студенттер де диктант туралы өздерінің оң пікірлерін білдірді:
«Бүгін туған жер туралы диктант жаздық. Жүсіпбек Аймауытовтың сөздері керемет ой саларлық дүние екен. Мұндай іс-шаралар көп болса, Отанымызға деген сүйіспеншілік арта түседі деп ойлаймын. Алдағы Республика күнін де асыға күтемін», деді 1-курс студенті Айым Амантай.