2021 жылдың 26 сәуірінде «Чернобыль АЭС және Семей ядролық полигоны апаты кеше, бүгін, ертең......» атты еске алу кеші өтті.
Жалпақ әлемді дүр сілкіндірген осы бір алапат апат орын алған жерде ерікті-еріксіз түрде болып қайтқан азаматтар елімізде неше мыңдап саналады. «Олардың қазіргі ахуалдары қандай? Үкімет тарапынан тиісті жеңілдіктерін алып жүр ме? Жалпы, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға сол кезде Кеңес Одағынан қанша адам тартылды, олардың барлығы өз еріктерімен барды ма, болмаса сол тұстағы қалыптасқан түрлі саяси жағдайларға байланысты міндетті түрде баруға мәжбүр болды ма?» деген сауалдар кез келген отандасымызды алаңдатары сөзсіз. Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында кеш қонақтарын шақырдық.
Кеш қонақтары: 1986-1987 жж. аралығында Чернобыль атом электр станциясында жұмыс жасаған ардагер Перминов Валерий Петрович және 41-697 әскери бөлімшенің жерасты шахтасында, 61-769 ликвидация және 41-757 әскери бөлімшелерінде алпауыт апаттың шебінде жүрген ержүрек батырымыз Аккузин Дулат Кумарович. Барлық сұрақтарға жауап алынып, сол кісілердің жылы лебізімен аяқтадық.