Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде 26.03.2021ж сағат 14:00де «Адам саудасы қауіпі және сақтық шаралары» тақырыбында «Родник» қоғамдық қорының психологы Кенжебай Гүлбану онлайн вебинар өткізді.
Мақсаты: жастар мен оқытушылар арасында адам саудасына қарсы іс – қимыл және қауіпсіз көші - қонның маңыздылығын хабардар етуді арттыру, сақтық қағидаларымен танысу арқылы адам саудасын төмендетуге ықпал ету.
Мигрант, адам саудасы,оның элементтері мен салдары туралы баяндап, мысал ретінде видеороликтер көрсетілді. Оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алынып, алдағы жасалатын жұмыстардың жоспарымен таныстырылды.