2021 жылдың 10 ақпанында Алматы қаласы Дін істері басқармасының "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ бас маманы Ақшабай Марал «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында 1 курс оқушыларымен семинар-тренингті эпидемиологиялық жағдайға және карантиндік шектеу шараларына байланысты онлайн форматта өтті. Терроризм туралы жалпы түсінік, оның мақсаты, іс-әрекеті, зардаптары туралы сөз қозғалды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да толыққанды жауап алынды.