Қазақ елі
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.

 

 

 

 

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар!
Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. 

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз.

 

 

         Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  11.12.2020 күні сағат 10:00де  жоспар бойынша «Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» тақырыбында арнайы пәндер оқытушысы Архабаева А.Ж онлайн ашық тәрбие сағаты өткізді.

 

 

 

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы

11.12.2020 күні сағат 14:00де  жоспар бойынша «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы» тақырыбында Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінің лекторы Буркитбаев Дулат Ұлықбекович және қоғамдық арнайы пәндер оқытушысы Бейімбетова Гульсара Окасовна ұйымдастыруымен 1 курс оқушыларына онлайн лекция өткізді. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістердің  қысқаша тарихы, егемендік декларациясы, тұнғыш президенттің сайлануының тарихы және сонымен қоса жалпы әлемдегі мемлекеттердің құрылымдар мен биліктің басқаруы органдары, билік бөліністерінің, формалары, олардың тарихы туралы мәліметтер берілді.

 

 

 

Адалдық – адамдықтың белгісі.

«Пайда ойлама, ар ойла,

 Талап қыл артық білуге»

Абай.

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер не айтса, соны айтатыны, не істесе, соны істегісі келетіні белгілі. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиенің ең үлкені. Демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға берер тәлімі мол болмақ.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Сонымен қатар, жас өспірімдердің оқу орнындағы тәлім – тәрбиесі мен білімі, оның тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақтасында түрлі пилоттық жобалар кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Атап айтар болсақ «Саналы ұрпақ», «Парасаттылық мектебі» жобалары еліміздің білім ошақтарымен қоян қолтық жұмыс жасап, жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, жастарды адалдыққа тәрбиелеуде көптеген іс – шаралар атқарылуда. Соның бірі республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Адалдық сағаты» атты тәрбие жұмысы. Еліміздің телеарналарынан көрсетіліп жатқан осы жобаны, біз білім беріп отырған Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі білімалушыларының да адалдыққа тәрбиесіне өз ықпалын тигізіп жатыр деген ойдамыз. Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен пен адалдық ар үшін жи, – деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді. Біз бұл клубтарды рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс жасаймыз:

– Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.

– Шыншылдық, турашылдық – өлмес рух пен арлылықтың, адалдықтың алғышарты. Кез келген халықтың моральдық қағидасы – осылай.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – күн тәртібіндегі басты мәселе.

– Білім бері жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

– 4 негізгі құндылық: адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім. Сондықтан біздің колледж студенттері үшін адалдық пен әдептілік – бұл өмірлік ұстанымымдары болып табылады.

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі, «Қазіргі еңбек нарығы талаптарына жауап беретін арнайы және кәсіптік мамандарды даярлау» деген миссияны негізге ала отырып жастарды тәрбиелеуде. Бұл жобалардың барлығы тәуелсіз еліміздің жастарының адал, еңбекқор, өз елін, жерін сүйетін азаматтар болып қалыптасуына ықпал ететініне сенеміз.

 

     

 

 

 


 

Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.

Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық - еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін колледж қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.

Оқу орнымызда «Адал ұрпақ» еріктілер клубының құрылу мақсаты-білім алушыларымызға  рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті - колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Егер, жастайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңіретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге  мүмкіндігі жеткілікті болады. Білім алушыларды колледж қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады, демек, «Адал ұрпақ еріктілер клубы» да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық.

Осы клуб жұмысы арқылы білім алушылардың адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, намысты азамат болуға, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді білім алушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ-Мәңгілік Елдің кепілі.