- Көшеде жолдан өту кезінде, жол жүру ережелерін сақтап, мұқият болу керек.
- Орман, өзен-көлдерде серуендеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
- Ауыл төңірегінде және орманды аймақтарда от жағуға тыйым салынады;
- Суға арнайы белгіленген жерлерде және жылы уақытта ғана шомылуға болады;
- Таныс емес жидектер мен саңырауқұлақтарды тамақ ретінде қолдануға тыйым салынады.
- Өз денсаулығыңыздың қамын ойлаған дұрыс: шомылу мен күнге қыздырыну кезінде уақыт тәртібін сақтаған жөн.
- Электр құралдары: теледидар, электр үтік, шәйнек және т.б. тоққа қосып, ажырату кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу қажет.
- Газ құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
- Теледидар көру, компьютермен жұмыс жасау кезінде уақыт тәртібін сақтау қажет.
- Үлкендердің жетегінсіз тракторлық бригадалар, гараждар, фермаларға баруға тыйым салынады.
- Үй жануарларымен айналысқан кезде абай болу қажет.
- Үлкендердің жетегінсіз 23.00-ден кейін далада жүруге тыйым салынады.
- СӨС нормаларына сәйкес белсенді тынығу жүргізу.
Серуен, туристік саяхаттар, экскурсиялар, экспедициялар жүргізу кезіндегі еңбекті қорғау бойынша нұсқаулығы
- Қауіпсіздіктің ортақ талаптары:
- Серуен, туристік саяхаттар, экскурсиялар, экспедицияларға медициналық байқаудан өткен және еңбекті сақтау бойынша нұсқамалық ақпарат алған тұлғалар ғана жіберіледі;
- Қауіпті факторлер:
- Белгіленген қозғалыс бағдарын өзгерту, туристік топтың орналасу орнын өздігін тастап кету;
- Аяқ киімді дұрыс таңдамаудың салдарынан аяқтың травмасын алу, аяқкиімсіз, шалбар, шұлықсыз қозғалу, улы және бауырымен жорғалаушы жәндіктердің шағуы;
- Улы өсімдіктер, жемістер және саңырауқұлақтармен улану;
- Тексерілмеген ашық су қоймаларынан су ішкен жағдайда асқазан-ішек ауруларын жұқтыру.
- Серуен, туристік саяхаттар, экскурсиялар, экспедициялар ұйымдастыру барысында оқушылар, тәрбиеленушілер тобына екі ересек адам жетекшілік етуі қажет.
- Серуен, туристік саяхаттар, экскурсиялар, экспедициялар барысында зардап шеккенднерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін міндетті түрде дәрі-дәрмек және таңғыш материалдары бар бастапқы көмек дәрі қобдишасы болу қажет.
- Серуен, туристік саяхаттар, экскурсиялар, экспедициялар жүргізер алдында қойылатын талаптар:
- Арнайы даярлықтан өту, нұсқаулық алу, медициналық байқаудан өткен денсаулығы жайында анықтама әкелу;
- Маусым мен ауа-райына сәйкес қозғалысқа қиындық түсірмейтін денені қыспайтын ыңғайлы киім мен аяқ киім кию;
- Қажетті дәрі-дәрмек және таңғыш материалдары бар бастапқы көмек дәрі қобдишасының барына көз жеткізу.