2020 жылдың 27 тамызында Алматы білім беру қызметкерлерінің форумы өтті. Бұл жылғы форум мен телемарафон алғаш рет эпидемиологиялық жағдайға және карантиндік шектеу шараларына байланысты сарапшылардың қатысуымен телевизиялық онлайн форматта өтті.
Форумға қатысушылардың негізгі мақсаты Алматы қаласындағы білім беру ұйымдары қызметінің 2020/2021 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын, оқу әдісі мен формасын айқындау, Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді талқылау болып табылды.
Форумда үздік педагогтер мен орта білім беру ұйымдарын марапаттау рәсімі өтті.