10.10. -11.10.2018 жылы Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжіне Шанхай университетінің құрамына кіретін «Интермарк» халықаралық дизайн институтының деканы Джеймс Хюн Сак Ким (James Hyung Suk Kim) келді. Профессор Джеймс Хюн Сак Ким - танымал бренд-дизайнер, маркетолог, Pizza Hut, Inisfree, Hera, Sulwhasoo, Domino Пицца, IPKN брендтерін жасаушы, және ұлттық брендтерді дамыту бойынша Оңтүстік Корея Президентінің кеңесшісі.
Колледж студенттері және оқытушыларымен кездесуде профессор Ким әлемге әйгілі компаниялар тапсырысымен жасалған «Интермарк» институтының оқытушылары мен қызметкерлерінің жұмыстарын көрсетті.
Кездесу нәтижесінде колледж бен Шанхай университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, осыған сәйкес өзара бірлескен жобалар жүзеге асырылатын болады.