Бүгін, қыркүйек айының 1 жұлдызында, сағат 11:00де Қазақстан Республикасының Президенты Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауы жарияланған болатын. Жолдама туралы қысқаша баяндап өтсек:
- Инвестиция тарту жүйесін жетілдіру керек;
- Мемлекет қаржысын оңды-солды шашуға жол берілмейді;
- Медициналық сақтандыру жүйесін қайта қарау керек;
- Аудандық 32 аурухана толығымен модернизациядан өтеді. Резидентура гранттары 70%-ға артады;
- Бала-бақшадағы тәрбиешілер жалақысын көтеру керек. Олар аттестациядан өтеді.
- 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз;
- Сұраныс қай тілде болады, сол тілде мектептер болады.
- Әйелдердің зейнет жасы- 61 жас (2028 жылға дейін»)
- Елдегі минималды айлық -70000 болады;
- 18 жасқа дейін балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан ақша түсіп отырады. Бұл ақша 18 жасқа дейін алынбайды. Кейін оны үй алуға, оқуға жұмсай алады.
Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік! Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын!