2020 жылдың 12 қазанында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс» тақырыбында «Sanaly urpak» еріктілер клубының жетекшісі, әлеуметтік педагог Бозтай Малика Садвахасқызы I курс студенттерімен сынып сағатын өткізді.

Мақсаты:

Рухани адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбиелеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.

Міндеттері:

- колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

студенттерді отансүйгіштікке,азаматтылыққа, адамның құқықтарына,бостандықтарына және мәіндеттеріне құрметті,адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін,еңбексүйгіштікке,оқуға,өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу.