Техник-программистің кәсіби қызметі: компьютерлік құрылғыларды пайдалану және компьютерлердің жұмысын бақылау, ақпараттық өңдеу жүйелерін қабылдау және беру құралдарын жүзеге асыру, есептеуіш техниканы басқару.
Техник-программист қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту бағдарламаларын пайдаланады, деректер базасымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар жасайды, бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау құралдарын және әдістерін пайдаланады, веб-сайттар жасайды, хабарламалар таратады және бағдарламалар жасайды, тесттерді құрастырады және бағдарламаларды тестілеуді жүргізеді, ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін құрастырады, талдау жасайды және т.б.