«Жас Өркен 2022» 9-шы Халықаралық жас дизайнерлер байқауы жас сәнгерлердің қатысуымен өткен сән индустриясындағы жарқын оқиғалардың бірі болып табылады. Оның ұйымдастырушысы – елімізде сәнгерлерді дайындайтын жетекші оқу орны болып саналатын Алматы технологиялық университеті. Байқаудың тарихы жиырма жыл бұрын басталған болса, биыл АТУ-дың 65 жылдығына арналды.
«Жас Өркен» жас сәнгерлерге дарындылығын көрсетуге, өзін және даралығын танытуға, сән дизайны мен сән саласындағы жетекші отандық және шетелдік сарапшылармен кездесуге тамаша мүмкіндік. Жас сәнгерлер өздерінің эскиздері бойынша жасалған және өздері жасаған түпнұсқа шығармашылық киім топтамаларын ұсынады. Олардың таланты мен шеберлігін беделді қазылар алқасы бағалайды. Оның құрамында:
• Аида Кауменова – танымал сәнгер, Aida KaumeNOVA сән үйінің негізін қалаушы;
• Алдоңғарова Ботагөз – журналист, «Ретро FM Қазақстан» радиосының бас редакторы, Kazakhstan Fashion Week PR-директоры, «UNITY Family Fest» отбасылық фестивалінің директоры;
• Мира Берген - стилист, блогер, аты аңызға айналған #STILBERGEN курсының авторы, 2021 жылдың стилисті
• Айнұр Серікқызы Бекжанова – Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары;
• Гүлсара Осорова – Мәскеу-Бішкек стилистика, дизайн және технология жоғары мектебінің оқытушысы, BISHKEK STYLE GROUP сәтті имидж және стиль мектебінің жетекшісі;
• Алексей Чжен – Kazakhstan Fashion Week арт-директоры, Alex Chzhen брендінің негізін қалаушы;
• Әлия Әбдімәжит – белгілі қазақстандық дизайнер, Әлия Әбдімәжит коллекциялық брендінің негізін қалаушы.
«ZHAS-ORKEN 2022» IX Халықаралық жас дизайнерлер мен сәнгерлер байқауында АГКСиТ 3МК-9А 1 тобының студенті Жайдарбек Маржан «PREAT-A-PORTE» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды. Жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!!!