ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

  • Осы ішкі тәртіп Ережесі (бұдан әрі – "Ереже") ҚР Конституциясына, ҚР «білім туралы» заңына 2007 жылғы 27 шілдеден бастап № 319-III (05.2015 жылғы өзгертулер мен қосымшалар), 2011-2020 жж. ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сейкәс МКҚК "Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің" оқу тәртібі (бұдан әрі АМСжТК), колледж оқушылары өз оқу міндеттерін саналы және адал орындағанына және жоғары сапалы оқудың қажетті шартына негізделеді.
  • Қатаң тәртіпті сақтау – АМСжТК-нің әрбір оқушысының бірінші тәртібі. Колледж мүлкіне ұқыптылықпен қарау, оқу ережесінің нормаларын орындау колледждің барлық оқушыларының міндеті болып табылады.
  • Оқу тәртібі сендіру әдістерімен, сондай –ақ үлгілі мінез-құлық пен табысты оқуға ынталандыруды қамтамасыз етеді. Тәртіпті бұзушыларға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылады.
  • Оқушылар үшін ішкі тәртіп ережелері (бұдан әрі-Ереже), білім алушыларды тәрбиелеуге, оқытуға адал қарым-қатынаста болуға, оқу тәртібін одан әрі дамытуға, ғылыми негізде оқуды ұйымдастыруға, оқу уақытын ұтымды пайдалануға, оқу процессінің сапасын жақсартуға, оқу процесінде денсаулық сақтаушы технологияларды енгізуге деген мақсаты бар.

 

ОҚУШЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Оқушы құқылы:

2.1. мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға және ғылымның, технологияның және мәдениеттің қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкес келетін білім алу; 

2.1. мемлекеттік ұйымдардың білім беру стандарттарына, техника және мәдениет, ғылымның осы заманғы даму деңгейіне сәйкес  білім алуға тиісті;

2.2. мемлекеттік білім беру стандарттарының аясында жеке оқу жоспары бойынша оқытуға;

2.3  колледж қызметінің маңызды мәселелерін талқылауға және шешуге, соның ішінде жастар кеңесіне және старосталар кеңесіне қатысуға;

 2.4  колледждің кітапханалық (кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес) және ақпараттық қорларын, спорт және акт залдарын тегін қолдануға;

2.5  қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен оқудың ақылы формасынан тегін формасына көшіруге;

2.6 белгіленген тәртіп бойынша колледждің  бір мамандығынан басқасына көшуге; 2.7  белгіленген тәртіп бойынша қайта қалпына келтірілуге;

2.8 ҚР "Білім туралы" заңында бекітілген тәртіппен басқа оқу орнына көшуге;

2.9 заңнамада белгіленген тәртіппен стипендия алуға;

2.10 оқытушылардан қажетті консультациялар мен оқу бағдарламасының шегінде қосымша түсініктемелер алуға;

2.11 белгіленген үлгідегі анықтама алуға; 

2.12 дәлелді себептер болған жағдайда (ауру және т.б.) пәндерді қайта тапсыруға; 

2.13 белгіленген тәртіппен академиялық демалыс алуға; 

2.14 әкімшілік тарапынан денсаулығын қорғауға кепілдік беріп, колледжде жағдай жасауға; 

2.15 оқу орнының жұмыс мәселелері бойынша конференциялар мен жиналыстарда өз ойын айтуға;

2.16 оқу орнының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар беруге;

2.17 өзін-өзі басқару органдарына сайлануға және сайлауға; 

2.18 білім беру бағдарламасында қарастырылмаған еңбекке қатысуға;

2.19 оқу жоспарында қарастырылмаған іс-шарадарға өз еркімен қатысуға;

 

 

  1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

Оқушы міндетті: 

3.1 ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және оқу жоспары бойынша білімді игеруге, белгіленген мерзімде барлық тапсырма түрлерін орындауға,, АМСжТК жарғысын сақтауға, ішкі тәртіп ережесін білуге;

3.2 АМСжТК оқушыларының атын лайықты және абыроймен алып жүруге;

3.3 колледждің меншігіне, кітапхана қорына ұқыпты қарауға, белгіленген тәртіппен келтірілген залалдың орнын толтыруға;

3.4 оқу бөліміне жазбаша түсініктемелерді бере отырып, қажет болған жағдайда оқу бағдарламасын орындамаған жағдайда соны ақтайтын құжаттарды беруге;

3.5 оқу орнының әкімшілік нұсқауларын мен барлық бұйрықтарын орындауға; 

3.6 оқытушыларға, қызметкерлерге және басқа колледж оқушыларына құрметпен қарауға әрі сыпайы болуға;

3.7 колледждің лауазымды адамдарының талаптарын орындауға;

3.8 моральдық нормаларды оқу орнында және одан тыс жерлерде сақтауға;

3.9 оқу орны мен коорпоративтік этиканы сақтауға, құрметтеуге;

3.10 оқу орнында іскерлік, ұқыпты, классикалық түрдегі киімдермен сабаққа келуге:

3.11 алкагольді және алкагольі бар сусындарды, есірткі мен уытты заттарды пайдаланбауға;

3.12 өрт, дүлей немесе өзге де зілзала болған жағдайда қажетті эвакуациялау тәртібін білуге және оқу орнында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға;

3.13 топ оқытушылары мен жетекшілердің бұйрықтарын орындауға;

3.14 жастар мен старосталар кеңесінің төрағалары мен мүшелерінің нұсқауларын орындауға;

3.15 әскерге шақыру жасында әскери есепке тұруға;

3.16 колледжде өткізілетін әкімшілік және кезекшілер нұсқаулары бойынша санитарлық сенбілікке қатысуға;

3.17 қалалық, аудандық іс-шараларға, концерттерге, жарыстарға баруға міндетті өйткені бұл  олардың интеллектуалдық және мәдени даму ықпал етеді.

 

Сабақ кезінде оқушылар міндетті:

3.18 қоңырау бойынша аудиторияда болуға;

3.19 қоңыраудан кейін кіруге және оқытушының рұқсатымен ғана аудиториядан шығуға;

3.20 оқытушылар, қызметкерлер, директор мен оның орынбасарлары аудиторияға кіргенде амандасуға тұруға;

3.20 оқу процессіне қатысты оқытушылардың нұсқауларын орындауға; 

3.21  тәртіпті бұзбауға, басқа істермен айналыспауға;

3.22 оқытушы немесе оқушы оқытушыға өтініш білдірген кезде орнынан тұруға;

3.23 тапсырылған ғана жұмысты орындауға және кабинетте, оқу тәжірибесі өткізілетін орында тек қана қажетті құрал-жабдықтарды, аспаптарды, механизмдерді және т.б. қолдануға. Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс режимін қатаң түрде сақтауға;

3.24 оқу сабақтары, сыныптан тыс іс-шаралар, сынақтар мен емтихандарды өткізу кезінде ұялы телефондарды, плеерлерді, диктофондарды өшіруге.

 

 Оқушының сыртқы түрі мен киіміне қойылатын талаптар

Студенттер киіміне қойылатын талаптар мақсатында енгізіледі:

- оқушылардың іскерлік киім стилі мен оқу процесі кезінде жұмыс ахуалын құру;

- санитарлық-гигиеналық нормаларын ұстануға;

- оқушыларға эстетикалық талғамды киім киюге мәдениетін тәрбиелеуге;

- корпоративтік сезімдерін, салт-дәстүрге деген құрметі мен колледж ерекшелігін қалыптастыру;

- оқушылар арасында әлеуметтік, мүліктік және діни айырмашылық белгілерін жою;

- оқушылардың құрдастарының алдында психологиялық жайсыздықтың пайда болуын алдын алу.

 

Киіну үлгісі – іскерлік, классикалық. Оқушылардың киімі әрқашан таза, үтіктелген болуы тиіс. Оқушылардың шаш үлгісі немесе шаш қиюы ұқыпты болуы қажет. Қыздар үшін қалыпты макияж. Ұқыпты жиналған шаш. Жігіттер қырынып жүруі тиіс.

 

Студенттердің киім үлгісі бөлінеді:

а) салтанатты,

б) күнделікті,

в) спорттық.

         а) Салтанатты киім үлгісі:

ұлдар: ақ түсті жейде мен галстук, классикалық пиджак пен қара түсті шалбар, туфли, қажет болған жағдайда ұлттық киім.

қыздар: ақ блуза, жакет, классикалық қара түсті юбка немесе шалбар, туфли, қажет болған жағдайда ұлттық киім.

         б) Күнделікті киім үлгісі:

ұлдар: бір түсті ерлер жейдесі (ашық түсті ); пиджак,  қара түсті шалбар (қара-көк, қара), бір түсті жемпір, пуловер; туфли (жылы уақытта сандалии носкимен);

қыздар: блуза, жейде ( ашық түсті), қара түсті шалбар, юбка; жакет; іскерлік стильдегі сарафан, аяқ киім (жылы мезгілінде жеңіл аяқ киім),

Киімдерді кез-келген комбинациялар бойынша жоғарыда  қойылған талаптарға сәйкес жағдайда түсі және іскерлік стильде киюге болады.

        в) Спорттық киім үлгісі.

Дене шынықтыру сабағында оқушылар келесідей спорттық киім киюі қажет: спорттық костюм, трико немесе шорты, футболка, спорттық аяқ киім.

Спорттық киім дене шынықтыру сабағында және спорттық іс-шаралар мен жарыстарда киіледі.

 

Қатаң тиым салынады:

-  әр түрлі діни конфессиялар киімі мен атрибуттарын киюге, қатаң тыйым салынады (хиджаб, паранджу, чадру)

- күнделікті киетін киім және спорттық аяқ киім киюге;

- қысқа юбкалар мен шалбар, көйлек, шорты киюге;

- іші көрінетін көйлектер терең ойықтармен және декольте киюге;

- қыздарға жайылған шаштармен жүруге;

 - сабақта сырт киіммен және бас киіммен отыруға.

Егер қыздардың шалбары белі мен бөксесіне тығыз болғанда, ақ (сары)түсті ұзын көйлек кию ұсынылады. 

  1. ОҚУШЫЛАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ МЕН ЖАЗАЛАУ

Білім беру бағдарламаларын игерудегі ерекше жетістіктері, оқу орнында белсенділік танытқан, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысқан оқушыларға келесі көтермелеу түрлері белгіленеді:

4.1  ауызша алғыс - топ, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, топ жетекшісі алдында жеке оқиға үшін жарияланады;

4.2  алғыс - уәкілетті тұлғалар алдында жеке оқиға үшін жарияланады;

4.3  қолда бар жазаны мерзімінен бұрын алып тастау – тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, топ жетекшісіне өтінішхат жазу бойынша;

4.5  грамотамен марапаттау – уәкілетті тұлғалар ұсынысы негізінде;

4.6 бағалы заттарды сыйға тарту.

Жарғыны, колледждің ішкі тәртібін, оқу тәртәбін бұзу, уақтылы (бұйрыққа сәйкес) академиялық қарыздарын жою оқушыларға қолданылуы мүмкін тәртіппен ықпал ету шаралары жүргізіледі:

- ескерту (оқытушы, сынып жетекшісі, колледж әкімшілігі тарапынан жасалады) - кешігу және сабақтан себепсіз қалу, қатты сөйлесу, сабақ уақытында дәлізде шулау, сабақтарына дайын болмауы, дәлелсіз себеппен сабаққа қатыспағаны үшін, жіберілген сабақтарға байланысты;

- алдын ала білдіру - колледж әкімшілігінің шешімінің қорытындысы бойынша, аттестаттауда үш және одан көп пәндер болмауы, сабақтан себепсіз қалу , колледжде жаман мінез-құлық көрсету мен тәртіпті бұзу;

- сөгіс - практикада  1 семестрде 18-20сағат, сабақта, болмауы, колледжде тәртіпті бұзу мен тыңдамау;

- қатаң сөгіс – 1 семестрде 30-40 сағат сабақта болмауы, алдын ала аттестаттауда 5 және одан да көп пән бойынша үлгермеушілік, аралық аттестаттау  бойынша кем дегенде екі пән бойынша қорытындысы, колледжде үнемі тәртіпті бұзушылық;

- колледжден шығару - төтенше шара ретінде жазалау үшін семестр ішінде сабақтардан  себепсіз жүйелік қалу, сессия қорытындысы және ағымдығы уақытта 2 және одан да көп сабақтардан академиялық қарыздар болғанда, сабаққа мас және есірткі қабылдаған күйде келгенде, Жарғыны, ішкі тәртіп ережесін және т.б. ережелерді өрескел бұзғаны үшін, егер оқушыға бұрын қолданылған тәртіптік жазалар болғанда.

Тәртіптік жаза бұйрықта жарияланады және оқушыға қол қойғызып хабарланады және бір жыл ішінде қолданыста болады. Көтермелеу шаралары тәртіптік жаза кезінде қолданылмайды.

Оқытушылар, топ жетекшілері, сондай-ақ әкімшілік ауызша ескерту жасауға немесе оқу тәртібіне бағынбаған жағдайда ата-анасын шақыртуға құқылы.

Өрескел және (немесе) бірнеше рет оқу тәртібін бұзғаны үшін, директорының бұйрығымен Жарғы, колледждің ішкі тәртіп ережелеріне тәртіптік жаза қолданады

Тәртіптік жазаны қолданғанға дейін оқушыдан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.

Тәртіптік жазаның ауырлығы жасалған мән-жайттар, бұдан бұрынғы оқу мен студент мінез-құлығына байланысты ескеріледі,.

 

  1. ОҚУ ТӘРТІБІН БҰЗУҒА ЖАТАДЫ:

 5.1 сабаққа кешігу; 

 5.2  Бір – біріне және оқытушыларға коорпоративтік этиканы, оқу орны мен оның салттарын бұзғанда;

  • сабақ уақытында ұялы телефондар ман байланыс құралдарын қолдану;
  1. 4 себепсіз сабақтан қалу;
    • колледжде және оның аумағында шылым шегу;

5.6 колледжге алкагольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас болу жағдайында;

5.7 колледжге алкагольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық заттары болған жағдайда;

5.8 АМСжТК  жеке меншігін бүлдіру немесе оқушылардың, оқытушылардың, қызметкерлердің жеке меншік заттарын жоғалтқанда;

5.9 оқушыларға, оқытушыларға мен қызметкерлерге физикалық және адамгершілік зорлық-зомбылық жасағанда;

5.10 жалған, азғындықжәне қорлау әрекеттері;  

5.11 оқу және оқудан тыс жұмыс нормалары мен ережелеріне төзбеушілік;

5.12 үй-жайларында және оған іргелес аумақтарда тазалық пен санитарлық нормаларды сақтамау;

5.13 колледж аумағы мен оның ішінде жалған сойлеу;

5.14 колледж аумағы мен оның ішінде құмар ойындарға салыну;

5.15 колледж ішінде сыртқы, спорттық киіммен жүру және іскерлік бағыттағы киім үлгісін бұзу;

5.16 сабақта сағыз шайнау;

5.17 колледж ішінде бейнетүсірілім, колледж аумағында және іргелес жатқан аумақтарға әкімшілік рұқсатынсыз  колледж туралы жағымсыз ақпараттарды интернет-ресурстары және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

  1. ОҚУ ТӘРТІБІ

6.1. Оқу сабақтары директордың сабақ кестесін жұмыс оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес бекітіледі.

6.2. Колледждегі сабақтар екі ауысымда жүргізіледі.

 6.3. Сабақтың ұзақтылығы – 90 минут.

 6.4. Сабақ басталғаннан кейін сабақтың қалыпты өтуі үшін барлық оқу және оларға жақын бөлмелерде тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі тиіс. Оқу сабақтарын үзуге, аудиториядан немесе спорт алаңынан, кітапханадан, мәжіліс залынан оқушыны және оқытушыны шақыруға болмайды.

 6.5. Сабаққа оқушылар міндетті түрде сабақтың басталуына кем дегенде 10 минут қалғанға келуі қажет.

 6.6. Практикалық сабақтарды аудиторияларда өткізу үшін, оқытушылар (зертханашылар), оқу шеберханалары мен кабинеттерді, қажетті оқу құралдары мен аппаратураны дайындайды.

 6.7. Әр топта оқытушы ұсынысы мен ұжымның, топтың ортақ пікірін ескере отырып, бір оқу жылына топ ішінен ең беделді, үздік, тәртіпті оқушыны староста етіп тағайындалады.

Топ старостасы топтың оқытушысының (кураторының) қарамағында жұмыс атқарады.

Топ старосталары міндеттері кіреді:

- топ жетекшісі (куратор) мен оқу бөлімі бойынша оқу және оқудан тыс жұмыстарға байланысты сұрақтарды тұрақты байланыста ұстау;

- топта тәртіпті қолдауда оқытушыларға көмек көрсету;

 - Оқушылардың сабаққа және сыныптан тыс іс-шаралар қатысуын бақылауда ұстау;

- Оқу аудиторияларында сабақ уақыты және үзілістерді қоса алғанда оқу жабдықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, оқытушыларға көмек көрсету;

- Оқушыларға оқу процесіне қатысты барлық өзгерістер туралы хабарлау;

- Кезекші және тәртіпті бақылауды тағайындау мен олардың өз міндеттерін орындауын қадағалау;

- Топқа байланысты түсініксіз және даулы мәселелерді колледж әкімшілігіне жүгіну;

- Оқытушыға аудиториялардағы барлық ақауларды баяндау;

- қажет болған жағдайда топтық жиналыс құру.