АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ»

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Колледж оқытушыларын

 «ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырамыз.

25 желтоқсан  2020 жыл

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты - қашықтықтан оқыту кезінде колледж оқытушыларының әдістемелік және кәсіби деңгейін көтеруге жағдай жасау.

Тапсырмалар:

  • шығармашылық қызметпен айналысатын мұғалімдерге қолдау көрсету;
  • тиімді педагогикалық тәжірибені тарату;
  • педагогика ғылымының жетістіктерін насихаттау;
  • мұғалімдерді педагогика, психология, білім беру технологиялары саласындағы заманауи ғылыми жетістіктермен таныстыру.

Конференцияның   қорытындысы   бойынша   ғылыми   мақалалар   жинағы шығарылады.

Жинақ    электрондық    формат    түрінде    шығарылады,    конференцияның қатысушыларына сертификаттар және алғыс хаттар табыс етіледі.

Конференцияны өткізу орны: Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі.

Конференцияны өткізу форматы: сырттай

Конференция аясында қазіргі білім берудің әр түрлі салаларындағы өзекті мәселелерін, келесі бағыттар бойынша қарастыру жоспарлануда:

  1. Жалпы білім беретін пәндер
  2. Жалпы гуманитарлық пәндер
  3. Жалпы кәсіптік пәндер
  4. Арнайы пәндер

 

ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ:

  1. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
  2. Материалдарды жауапты хатшының электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Тапсыру мерзімі 2020 жылдың 23 желтоқсанына (қоса алғанға) дейін.
  3. Бір автордың (авторлардың) мақалалар саны шектелмеген.
  4. Құжаттарды жіберу   тәртібін   қатаң   сақтаңыз.  
  • Өтінішті келесі формада толтырыңыз (1 қосымша)
  1. Мақаланы жариялау туралы оң немесе теріс шешім туралы ақпарат Сіздің электрондық поштаңызға жіберіледі.
  2. Хатшы ресімдеу ережелеріне және секцияның ғылыми бағытына сай келмейтін материалдарды қабылдамауға және қайтаруға құқылы.
  3. Ғылыми мақала бөлімнің ғылыми бағытына сәйкес келуі керек, түпнұсқа, өзекті, ғылыми жаңалыққа, болжамдардың дұрыстығына, орфография мен тыныс белгілерінің ережелеріне сәйкес келуі керек.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ БАЙЛАНЫС КОНТАКТІЛЕРІ:

Алматы қ., Сатпаева көшесі 86, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі.

Телефон:  392-37-73,  +7 778 133 06 23  (телефон, ватсап), +7 747 189 26 34. Қоңырауларды қабылдау уақыты  09.00-ден 18.00-ге дейін.

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.