16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
 
Бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналған. Қазақ мәдениетінің түп негізі гуманистік идеялардан туындайтын болғандықтан, ол қоғамды жалпыадамзаттық құндылықтар аясында біріктіруші күш бола алады. Оның ішінде, өзгені түсінуге ұмтылу, өзара көмек пен ынтымаққа негізделген қарым-қатынас қағидалары халықты біртұтас ұлтқа айналдыруда аса маңызды. Сондықтан 16 наурыз тақырыбы азаматтарға ата-бабамыздың рухани-практикалық және мәдени тәжірибесін еске түсіріп, одан сабақ алуға мүмкіндік береді. 
Ұлтты ұлт ететін айрықша белгілердің бірі – мәдениеті пен өнері, олардың маңызы жаһандану жағдайында одан сайын арта түспек. Мәдениет қоғамдық сананы және азаматтардың мінез-құлқын анықтайтын моральдық-этикалық нормаларды қалыптастыру процесіне әсер етеді. Өнер қоғамдағы құндылық символизмін айшықтайды. Сондықтан Наурыздың жаңа шарықтауын қалыптастыру отандық мәдени-шығармашылық жоғары бағалаумен тығыз байланысты. Құрметті әріптестер, білімалушылар, Жас жеткіншек ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре білсе еліміздің ертеңі нұрлы болмақ. Бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре білген адам болашаққа жауапкершілікпен қарап, еліміздің елдігі үшін аянбай қызмет ететін азамат болып өседі. Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны. Сондықтан ұлтымыздың қорғанын берік етіп қалау үшін әр адам аянбай тер төгіп, өз үлесін қосуы тиіс. Қорғаны мықты елге сөз де, көз де өтпейтіні белгілі.
Сіздерді көктемнің жарқын мерекесімен тұспа-тұс келген «Мәдениет және ұлттық салт дәстүр» күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ұлттық мәртебеміз әрдайым жоғары, ата-дәстүріміз ардақты болсын.
 
Ізгі ниетпен, колледж директоры: Жаниязова Жаркын Лепесовна