1992 жыл 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Алматы мемлекеттік колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Қызмет және технология. . Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, отансүйгіштік сезімін дамыту, тәрбие жұмысын жүргізу мақсатында дәріс түрінде еліміздің армиясы туралы мағлұмат берді. Ал студенттер өз кезегінде көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар ала алды.

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде «Ашық жүрек» жобасының мүшелері, 2ВТ-9А тобының ұйымдастыруымен 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құттықтап қайтты.

"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз".
(А. Байтұрсынұлы)

Тәрбие сағатының мақсаты: Биік шыңдарға біліммен. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.

Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың.
Білімдіні бала болса да, аға деп біл.
Адамның көркі киімі емес, білімі.
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға міндеттіміз.

       

 

      Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Ұлт ұстазымен үндесу" челленджін Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінен қабылдап алды. Челленджді Алматы қаласы Жоғары медициналық колледжіне жолдайды.

Ахмет Байтурсынов

2022 жылдың 12 сәуірінде Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде Қоғамдық даму басқармасы қолдауымен “Отбасы институты” жобасы, Педагогикалық ғылымдар академиясының проект менеджері Серғазина Әлия Сейтжанқызы және психолог - Тойшыбекова Бибигуль Канапияновна  келіп, сұхбат түрінде жиналыс өткізді.Білім алушылармен тренинг өткізіліп, сұрақтарына толық жауап алынды.