07.03.24 ж. Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде көктемнің шуақты мерекесі 8-наурыз нәзік жанды арулар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды және түрлі қалалық жарыстардан жүлделі орын алған білім алушыларымызға ынталарын көтеру мақсатында сертификат пен ақшалай сыйлық үлестірілді. Бұл мереке ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.
Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс - құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл - күй тілейміз!