Кәсіптік білім берудегі инклюзивтік кеңістік: әдіснама, оқыту технологиясы  және тәжірибе.

    Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жоспарына сай  2022 жылдың 5 мамырында  Алматы технология және флористика  колледжі базасында қалалық семинар ұйымдастырылды.

    Семинардың мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру бойынша тәжірибе алмасу

     Қалалық семинарға 21 мемлекеттік колледжден директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер және психологтар қатысты. 
Жалпы қатысушылар саны 63 адам.

     Қалалық семинарға Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдреймова Мөлдір Абдрашитовна «Кәсіптік техникалық білім беруде инклюзивті оқыту ерекшелігі» тақырыбында  колледжіміздегі атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар инклюзивті білім беруде қолданылатын нормативтік актілерге байланысты, тәжірибе ұйымдастырудағы мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстар берді.

 

Қазақстанда республикалық референдум 2022 жылдың 5 маусымында өтеді деп жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны 2022 жылғы 29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткізуді ұсынып, 2022 жылғы 5 мамырда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Республикалық референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы дауыс беру бюллетеньіндегі мәселе мынадай редакцияда ұсынылды: «Сіз Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қабылдайсыз ба? Қазақстан 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында айтылған.

  Түзетулердің мазмұны: Қазақстан Президентінің айтуынша, түзетулердің мақсаты «жаңа мемлекеттік үлгіге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу. Бұл сапалы ауысуды Екінші Республика деп атауға болады». Жұмыс тобы конституцияның 33 бабына түзетулер әзірледі.

 

Тоқаевтың ұсынысы бойынша конституцияға өзгертулер енгізу барысында «суперпрезиденттік басқару түрінен ықпалды парламенті және есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға» көшу жоспарланған. Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президентінің мәртебесіне қатысты барлық сілтемелер, оның ішінде оның қатарынан екі мерзімнен артық сайлану құқығына қатысты барлық сілтемелер түзетулер жобасынан алынып тасталды.

Референдумды өткізу: Орталық референдум комиссиясының функцияларын жүзеге асыру кезеңінде оларды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырды.

9 мамыр – Жеңіс күні!
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде «Ашық жүрек» жобасының мүшелері, 1ВТ-9А тобының ұйымдастыруымен 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құттықтап қайтты.

        «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Алматы қаласындағы колледж студенттерінің арасында пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңін өткізді.
Турнирдың мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; студенттердің бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Колледж студенттері арасындағы пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңіне Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің «Millenium» дебат клубының мүшелері белсене қатысқаны үшін, сертификат алып қайтты.

 

 

 

Сәуір айының 25-і мен 27-сі аралығында сүйікті колледжіміздің қабырғасында Алматы қаласының үздік шеберлері шақырылған Республикалық «Сәулет стилі» семинары өтеді.
Бұл іс-шара барысында шеберлер студенттерге шаштараз шеберлігін, сахналық макияж мен макияж нұсқаларын көрсетті.