Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің оқытушылары Алмерек С.У., Тұрғантай А.А., Ташенова Д.Н. 2018 жылдың 22 қазанынан 24 қазаны аралығында «Сабақта АжКТ-ны қолдану және пайдалану» тақырыбында семинар өткізді.

Қарастырылған сұрақтар

Жауапты оқытушылар

1

Power Point бағдарламасын пайдаланудағы мүмкіндіктер

Әлмерек Саят Ұнатұлы, «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» арнайы пәні оқытушысы

2

 Active Board  бағдарламасы арқылы интерактивті тақтаны іске қосу шаралары

Тұрғантай Асқар Әжметұлы, «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» арнайы пәні оқытушысы

3

Kahoot бағдарламасында электронды оқулықтар құрастыру

Ташенова Дана Нұржанқызы, «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» арнайы пәні оқытушысы

4

Электронды портфолио жасау

  15 қазанда колледжде «Негіз- негіздер негізі» тақырыбында мастер-класс өтті. Мастер-класты «WELLA PROFESSIONAL» тренажері Сабирходжаева Халидам Абдукаримқызы жүргізді. Мастер-класс шеңберінде модельдердің шаштары «Painting» техникасы бойынша боялды. «Painting» техникасы орташа ұзындықтағы көлемді шаштарға таңғажайып табиғи-контрасты түске жетуге мүмкіндік береді. Республикалық семинардың қатысушылары арасында «Шаштараз және сәндік косметика» мамандығының 3-4 курс студенттері болды.

10.10. -11.10.2018 жылы  Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжіне Шанхай университетінің құрамына кіретін «Интермарк» халықаралық дизайн институтының деканы Джеймс Хюн Сак Ким (James Hyung Suk Kim) келді. Профессор Джеймс Хюн Сак Ким - танымал бренд-дизайнер, маркетолог, Pizza Hut, Inisfree, Hera, Sulwhasoo, Domino Пицца, IPKN брендтерін жасаушы, және ұлттық брендтерді дамыту бойынша Оңтүстік Корея Президентінің кеңесшісі.
Колледж студенттері және оқытушыларымен кездесуде профессор Ким әлемге әйгілі компаниялар тапсырысымен жасалған  «Интермарк» институтының оқытушылары мен қызметкерлерінің жұмыстарын көрсетті.
Кездесу нәтижесінде колледж бен Шанхай университеті арасындағы  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, осыған сәйкес өзара  бірлескен жобалар жүзеге асырылатын болады.

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі 2018 жылдың 10-11 қазанында «Кәсіпқор» холдингімен бірлесе отырып Алматы және Талғар қалалары оқытушыларына «ТжКБ жүйесінде инклюзивті білім беру тәжірибесін үйрену» атты мүгедек балаларды оқытуға арналған модульдік бағдарлама бойынша семинар өткізді. Кездесуде жұмыс берушілер мен оқу әдістемелік ұйымның сараптамалық қорытындылары бойынша мәселелер қаралды, сарапшылардың ұсыныстары мен түзетулері жасалды.

      Астана қаласында 30 - 2 мамыр аралығында Ұлттық Бүкіләлемдік Біліктілік Чемпионаты өтті. Барлық өңірлердің 300-ден астам жас мамандары өздерінің кәсіби дағдыларын бес күн бойы көрсетеді. Бұл болашақ аспаздар, құрылысшылар, шаштараздар, дәнекерлеушілер. Тек 30 құзырет.
Арнайы пәндер бойынша оқытушы Р.Есенбаеваның жетекшілігімен Қанат Әбдірайым біздің студент кәсіби шеберлігін көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша ол 3-ші сыйлықты иеленді.