2018 жылдың 16 қарашасынан 20 қарашасына дейін колледж директоры Ж.Л. Жаниязова және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К. С. Кобландина Шанхай университетіне шақырылды. Университет ректорымен кездесу нәтижесінде Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі мен Шанхай университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Кездесуде университет деканы Джеймс Хюн сақ Ким (James Hyung Suk Kim) келесі жылы қазақстандық студенттерді оқыту бағдарламасын іске қосуды ұсынды. Грантқа түскен қазақстандық студенттер үшін оқу және тұру тегін болады. Шанхай университетінің өкілдерімен кездесу жемісті өтті.