"ҚР үздік 100 студенті" конкурсының жеңімпазы болып, Нұр-Сұлтан төрінде жарқырап шығып, колледждің, Алматы қаласының жалауын Білім министрлігі алдында желбіреткен студентіміз - Ильчанова Назгуль. Алматы қаласынан қатысқан 80 студенттің, республикалық этапта таласқа түскен 150 студенттен оза шапты. Абыройымыздың асқақтауы үшін, жас болса да бас болып, нәтиже үшін жүгіріп еңбек еткен Бозтай Малика Садвакасқызына да алғыс білдіреміз. Колледжіміздің мәртебесін көтеріп, жемісі мен жеңісінің қоржынын толтыратын жастарымыз мол, қуанышымыз көп болсын!!! Шын жүректен құттықтаймыз!!!