2021 жылдың 16 қарашасында Бостандық ауданы полиция басқармасының ЮПБ КТЖБ ісі жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы, полиция майоры Кокилова Айнұр Жалғасбайқызының колледж студенттерімен онлайн кездесуі өтті. Кездесу барысында нашақорлықтың адамның өміріне, денсаулығына деген әсері, заң алдындағы жауапкершіліктері туралы, «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында дәріс оқып, білім алушылардың сұрақтарына толық жауап берді.