Студент қатарына қабылдау рәсімі бірінші курстардың өміріндегі жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлерге толы маңызды да тебірентерлік сәт. Бұл оқу орындарында өтетін ең әсерлі дәстүрлердің бірі.
     2021 жылдың 18 қарашасында бірінші курстар үлкен бір отбасының – Алматы мемлекеттік сервис және технологияның колледждің студенттері, толық қанды мүшелері атанды. Енді олардың алдында үлкен де ауыр жол тұр. Бұл жолдың қиындығы ұжымға сіңісуде, өзіне жақсы дос табуда және оқуға барынша жауапкершілікпен қарауда. Бірінші курстарды студент қатарына қабылдау – студенттерді біріктіру үшін жасалатын алғашқы қадам, себебі бұл мерекеде оқушылар бір-бірімен танысып қана қоймай, өз таланттарын да ортаға салады.
     Бұл күні студенттер, оқытушылар «Бірінші курстарды студент қатарына қабылдауға» арналған мерекелік концертке қатысу үшін колледждің акт залында жиналды.
Барлық қатысушылардың арқысында концерт өте жақсы өтті. Студенттер, педагогтар және қоңақтар өткізілген іс-шарадан тек қуанышты сезімде қайтты. Бұл жаңа, ересек өмірдің жақсы бастауы деуге болады.