«Бала жүрегі - кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ұстаздың қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу ұстаздың  міндеті.Ұстаз — білім ордасының жүрегі болса, оның жетістігі шаңырақтың беделі. Ал, білім ордасы— мемлекеттің басты тірегі. Олай болса, қазіргі таңда ұстаз білікті әрі шебер, ұшқыр ойлы, қабілетті, өз пәнін жетік меңгерген болуы керек. Ұстаздар қатарын толықтырып отыратын сіз секілді білікті мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес.

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жaс ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Сондықтан әрбір білікті маман бұл жауапкершілікті сезінсе, біздің мемлекетіміздің қорғаны нығая түспек. К.Ушинский: «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деген ойымен келіспеу мүмкін емес. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда, колледжімізде білім алушы мен білім беруші жас мамандардың тілін тауып, тілдесу, нәтижелі бағыт-бағдар берудің өзі  үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату ұстаз деген ұлы тұлғаның парызын өтеудегі еңбегіңіз зор деп білеміз. «Елімнің болашағы» деп еткен еңбектің қашанда бағаланатыны хақ. Соның бір дәлелі – еліміздің тарихи шежіресі «Қазақстанның Алтын кітабында» есіміңіздің алтын әріптермен жазылуы.

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі ұжымы осы қуанышты сәтіңізді шын ниетпен бөлісе отырып, жас ұрпақтың  мол сырын ұғу үшін, жас таланттың белін бекем буу үшін, білімнің шыңына шығу үшін, сол шыңға ерен еңбектің туын тігу үшін бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ - ырыс тілейді!

Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

 


Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/images/gulnara/th/55555555555555555555555555555_th.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/vhosts/agksit.kz/:/tmp/) in /var/www/vhosts/agksit.kz/httpdocs/libraries/src/Filesystem/File.php on line 649

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/images/gulnara/th/2_th.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/vhosts/agksit.kz/:/tmp/) in /var/www/vhosts/agksit.kz/httpdocs/libraries/src/Filesystem/File.php on line 649

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/images/gulnara/th/3_th.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/vhosts/agksit.kz/:/tmp/) in /var/www/vhosts/agksit.kz/httpdocs/libraries/src/Filesystem/File.php on line 649

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/images/gulnara/th/1_th.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/vhosts/agksit.kz/:/tmp/) in /var/www/vhosts/agksit.kz/httpdocs/libraries/src/Filesystem/File.php on line 649